Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

 

ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ

 

 

 

МИНИСТЕРСТВО ЮСТИЦИИ

 

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

______________________________________________________________________________________

 

БҰЙРЫҚ                                                                                             ПРИКАЗ

 

__________                                                                                           __________

     

Нұр-Сұлтан қ-сы                                                                                                                    г. Нур-Султан

 

 

Лицензияның қолданысын

тоқтата тұру туралы

 

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетімен 2012 жылғы 14 қыркүйекте Сакен Утепбергенович Еримбетовке адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 12011537 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2021 жылғы
    5 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын.
  2. Алматы облысының Әділет департаменті осы бұйрықты
    С.У. Еримбетовтің, Алматы облысы адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
  3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін және лицензиялауды ұйымдастыру басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі: адвокат С.У. Еримбетовтің 2021 жылғы 5 қаңтардағы өтініші және
Алматы облыстық адвокаттар алқасының 2021 жылғы 25 ақпандағы № 01-068-21 өтінішхаты.

 

 

Вице-министр А. Әмірғалиев

 

 

Дата публикации
06 мая 2021