Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

 

ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ

 

 

 

МИНИСТЕРСТВО ЮСТИЦИИ

 

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

______________________________________________________________________________________

 

БҰЙРЫҚ                                                                                             ПРИКАЗ

 

__________                                                                                           __________

     

Нұр-Сұлтан қ-сы                                                                                                                    г. Нур-Султан

 

Лицензияның қолданысын

тоқтата тұру туралы

 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Севда Абдуманаповна Намазоваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2017 жылғы 31 қаңтарда берілген № 17001574 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2023 жылғы
    16 желтоқсанға дейін тоқтатыла тұрсын.
  2. Түркістан облысының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус С.А. Намазованың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус С.А. Намазованың мұрағаттық және іс жүргізуінде жатқан құжаттарын жекеше нотариаттық мұрағатқа және басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қолдансын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі: Түркістан облысы Әділет департаментінің 26.03.2021 ж. № 02-67-7/3535 ұсынысы және С.А. Намазованың 19.03.2021 ж. өтініші.

 

 

Вице-министр А. Әмірғалиев

 

Дата публикации
06 мая 2021