|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ
|
|
МИНИСТЕРСТВО ЮСТИЦИИ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
|
|
______________________________________________________________________________________
|
БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ
__________ __________
Нұр-Сұлтан қ-сы г. Нур-Султан
Лицензияның қолданысын
тоқтата тұру туралы
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетімен 2013 жылғы 31 мамырда Берик Нурланович Нурлановқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген
№ 13008587 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2021 жылғы
11 тамызға дейін тоқтатыла тұрсын.
- Алматы облысының Әділет департаменті осы бұйрықты
Б.Н. Нурлановқа, Алматы облысы адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін және лицензиялауды ұйымдастыру басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: адвокат Б.Н. Нурлановтың 2021 жылғы 10 ақпандағы өтініші және
Алматы облыстық адвокаттар алқасының 2021 жылғы 25 ақпандағы № 01-066-21 өтінішхаты.
Вице-министр А. Әмірғалиев