Әділет министрлігі және оның аумақтық бөлімшелерінің Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі туралы 2021 жылдың ІI-тоқсанына жиынтық есептік ақпарат

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез - құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Жарлығын орындау мақсатында әдеп жөніндегі уәкіл (бұдан әрі - ӘжУ) қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама бойынша бұзушылықтарды алдын алуды қамтамасыз ету бойынша өз қызметін жүзеге асырады.

Әдеп нормаларының бұзылуының алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің әдептілік деңгейін арттыру мақсатында тұрақты негізде семинарлар, дәрістер және бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу түрінде түсіндіру іс-шаралары жүргізіледі.

Есеп беру кезеңінде Әділет органдарының ӘжУ 360 профилактикалық және түсіндіру іс - шараларын өткізді, оның ішінде дәрістер мен семинарлар - 199, бейнесюжеттер мен радиоматериалдар – 37, БАҚ – та жарияланымдар - 49 және интернет ресурстарда - 75.

ӘжУ туралы Ереженің 9-тармағында Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды айына кемінде бір рет қабылдауды жүзеге асыруы тиіс деп айқындалған. Осылайша, есепті кезеңде әділет органдарының Әдеп жөніндегі уәкілдері мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл саласындағы ҚР  заңнамасының және ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша 271 жеке консультациялық көмек көрсетті, оның ішінде 92 – мемлекеттік қызметшілер, 179 - жеке және заңды тұлғалар. Әділет органдарының құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша 262 азаматтардың жеке қабылдауы жүзеге асырылды.

Сондай-ақ, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне және қызметтік әдеп нормаларының сақталуына мониторинг жүргізу мақсатында әдеп жөніндегі уәкілдер жылына кемінде 2 рет мемлекеттік қызметшілерге анонимді сауалнама жүргізеді. Есептік кезеңде сауалнамаға барлығы 1173 мемлекеттік қызметші қатысты.

Дата публикации
24 августа 2021