Nur-Sultan qalasy город Нур-Султан
«Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 27 мамырдағы №58 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
«Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидасында:
мемлекеттік тілдегі тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы»;
15-тармақтың бірінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
«15. Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлігін немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатын ұсынғанда (не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілген өкілі) тиісті құжаттарды қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.»;
«Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметті көрсету стандартында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
|
8 |
Мемлекеттіккөрсетілетінқызметүшінқажеттіқұжаттардыңтізбесі
|
Мемлекеттік корпорация: Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік паролді беру арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады. |
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
|
10 |
Мемлекеттікқызметкөрсету, оныңішіндеэлектрондықнысандажәнеМемлекеттік корпорация арқылыкөрсетілетінқызметтіңерекшеліктеріескерілгенөзге де талаптар |
Денсаулығыбұзылған, ағзафункцияларыныңтұрақтыбұзылуыментыныс-тіршілігішектелгенмемлекеттікқызметтіалушығақажетболғанжағдайдаМемлекеттікқызметкөрсетуүшінқұжаттардықабылдаудыМемлекеттік корпорация қызметкерітұрғылықтыжерінебарып, Бірыңғайбайланысорталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылыжүгінуарқылыжүргізеді. Цифрлық құжаттар сервисі мобилді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік паролді пайдалана отырып, мобилді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі «цифрлық құжаттар» бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет. |
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
|
|
А. Мадалиев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі