|
QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY
ÁDILET MINISTRLIGI
|
|
МИНИСТЕРСТВО ЮСТИЦИИ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
|
|
BUIRYQ
|
|
ПРИКАЗ
|
20___ жылғы __________ № ___________________
Лицензияның қолданысын
тоқтата тұру туралы
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2010 жылдың 12 наурызында Сара Амантаевна Устажановаға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген №0003574 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 3 (үш) жыл мерзімге тоқтатыла тұрсын.
- Ақмола облысының Әділет департаменті осы бұйрықты
С.А. Устажанованың, Ақмола облысы адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Ақмола облысы Әділет департаментінің 2021 жылдың 11 наурызындағы №06-19/1302-И ұсынысы және Ақмола облыстық адвокаттар алқасының 2021 жылдың 2 тамызындағы №247 өтінішхаты.
Вице-министр А. Әмірғалиев