Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 1999 жылғы 22 желтоқсанында Алма Айдарбековна Сисеноваға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген №0003614 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2024 жылғы 1 тамызына дейін тоқтатыла тұрсын.

2.Ақмола облысының Әділет департаменті осы бұйрықты
А.А.Сисеноваға, Ақмола облысы адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін және лицензиялауды ұйымдастыру басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі: адвокат А.А.Сисенованың 2021 жылғы 30 шілдесіндегі өтініші және
Ақмола облысы Әділет департаментінің  2021 жылғы 10 тамызындағы 06-19/1296-И ұсынысы.

 

 

Вице-министр                                                                               А. Мадалиев

Дата публикации
17 августа 2021