2021 жылдың бірінші жарты жылдығында зияткерлік меншік саласында анықталған бұзушылықтар бойынша Мониторинг

Әділет, ішкі істер, экономикалық тергеу және мемлекеттік кірістер органдарымен зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөнінде шаралар қабылдануда.

2021 жылдың бірінші жартыжылдығында аумақтық әділет органдары ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес Қазақстанда қорғалатын тауар белгілерін пайдалану бойынша 3 тексеру жүргізді.

«Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» ҚР Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 жарлығына сәйкес шағын және микрокәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексерулер жүргізілмейді. Осыған байланысты жүргізілген тексерулер саны айтарлықтай азайды.

Жүргізілген тексерулер нәтижесінде 1 құқық бұзушылық анықталды.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК)158-бабы бойынша 1 іс қозғалды, әкімшілік жауапкершілікке 1 адам тартылды.

Айыппұлдардың жалпы сомасы 116 мың 680 теңгені құрады. Контрафактілік өнімдерді тәркілеу болған жоқ.

Ішкі істер министрлігі құзыреті шегінде авторлық және сабақтас құқық бұзушылықтармен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесу бойынша міндеттерді жүзеге асырады.

Ағымдағы жылғы 6 айда Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 198-бабы (авторлық және сабақтас құқық бұзушылық)бойынша 13 қылмыстық іс өндірісте болды, олардың ішінде ағымдағы жылы тіркелгені – 2.

 Өндірісте болған істердің санынан бір қылмыстық іс аяқталды (тараптардың татуласуымен тоқтатылды), тергеу мерзімдері үзілгені – 1, өндрісте қалғаны – 12.

Құқық иеленушілердің болмауына және келтірілген шығынның аздығына байланысты 8 сотқа дейінгі тергеп-тексеру материал бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамының болмауынан (Қылмыстық-Процесуальдық Кодексінің 35-бабы 1-бөлігіне сәйкес) тоқтатылды.

Ішкі істер органдары жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында республика аумағында тоқсан сайын ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын қылмыстарды анықтауға, жолын кесуге және ашуға, сондай-ақ еркін айналымда тыйым салынған өнімдерді заңсыз әзірлейтін, көбейтетін және тарататын адамдарды анықтауға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі.

Ағымдағы жылы осындай іс-шаралар екі рет 9-11 ақпанда(«Anti-Fraud» ЖПІШ) және 12-14 мамырда («Hi-Tech» ЖПІШ)өткізілді.

Соңғы іс-шараның нәтижелері бойынша 2020 жылы 300 бірлікке жуық еркін айналымда тыйым салынған өнім, оның ішінде 254 контрафактілік аудио-бейне туындалары бар тасымалдағыш, 12 – лицензиясы жоқ бағдарламалық қамтамасыз ету бар тасымалдағыш және 20-ден аса өзге өнім алынды.

Адамдар көп жиналатын орындарда (бей-берекет сауда жасау, базарлар, аялдамалар және т.б.)бұзушыларды әкімшілік жауапқа тарту жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Мәселен, жыл басынан ӘҚБтК-нің 196-бабы (тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау) бойынша 13 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды, 490 мың теңге айыппұл салынды, ӘҚБтК-нің
204-бабы (белгiленбеген орындарда сауда жасау)бойынша 197 адамға жалпы сомасы 500 мың теңге айыппұл салынды.

Интернет желісінде көрсетілген бұзушылықтардың жолын кесу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылғы 6 айда лицензияланбаған бағдарламалық қамтамасыз етуді тарататын шетелдік 24 интернет-ресурс анықталды. Қазақстандық пайдаланушылардың қолжетімділігін бұғаттау үшін олар туралы ақпарат «Киберқадағалау» АЖ-ға енгізілді.

Ақпарат ретінде: «Киберқадағалау» жүйесі мемлекеттік органдардың интернет желісіндегі құқыққа қайшы материалдарды анықтау, есепке алу, бағалау және бұғаттау бойынша жүргізілетін жұмыстарды жүйелеуге арналған.

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі2021 жылдың 2 тоқсаны бойынша ақпарат ұсынылмаған.

Мемлекеттік кірістер органдары 2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімінде 6173 тауар атауы бойынша 767 тауар белгісі (191 құқық иеленуші) бар.

Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімі негізінде 2021 жылғы 1 тоқсанда аумақтық мемлекеттік кірістер органдары жалпы құны 2333364 АҚШ доллары болатын зияткерлік меншік құқықтарын бұзу белгілері бар 185 ДТ бойынша тауарларды шығаруды тоқтатты.

Министрлік жанындағы аппеляциялық кеңес 9 отырыс өткізді , олардан – 57 шешім қабылданды, оның ішінде қанағаттандырылғаны – 25, бас тартылғаны – 25, ішінара қанағаттандырылды – 6, қараудан бас тартылды – 1.

Дата публикации
16 августа 2021