1. Жұмылдыру және азаматтық қорғаныс басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі-Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, Қазақстан Республикасының «Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы», «Азаматтық қорғау туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңдарын, Министрліктің Регламентін, осы Ережені және жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, азаматтық қорғаныс мәселелерін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
3. Басқарманың құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасындағы заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды тұлғасы бекітеді.
4. Басқарма басқарма басшы мен бас сарапшыдан тұрады.