Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

 

QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY

ÁDILET MINISTRLIGI 

 

 

 

МИНИСТЕРСТВО ЮСТИЦИИ

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

______________________________________________________________________________________

БҰЙРЫҚ                                                                                      ПРИКАЗ

 

__________                                                                                            __________

Нұр-Сұлтан қ-сы                                                                                                                                          г. Нур-Султан

 

Лицензияның қолданысын

тоқтата тұру туралы

 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-тармағының 8)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Мира Жанатовна Калинаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2016 жылғы
    16мамырда берілген № 12003444мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.
  2. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус М.Ж. Калинаныңназарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус М.Ж. Калинаныңмұрағаттық және іс жүргізуінде жатқан құжаттарын жекеше нотариаттық мұрағатқа және басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қолдансын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының м.а. Р.С. Досановағажүктелсін.
  2. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі: Нұр-Сұлтан қаласыныңӘділет департаментінің 2021 жылғы 15шілдедегі    № 1-06/16101ұсынысы.

Вице-министр                                                                               А. Мадалиев

 

Дата публикации
10 августа 2021