«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына өзгерістер мен толықтыруларенгізу туралы

«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына өзгерістер мен толықтыруларенгізу туралы

 

 

Қазақстан РеспубликасыныңҮкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

         көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:

16-тармақта:

15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«15) орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу, мәслихаттардың, әкімдіктердің, әкімдердің, сондай-ақ тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу, құқықтық ақпараттандыруды, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізуді, құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесін жүргізуді қамтамасыз ету;»;

41) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

         «41) әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілерді шығаруды, мемлекеттік тіркеуді және олардың күшін жоюды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау саласында орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарында, мәслихаттар мен олардың аппараттарында, әкімдіктерде, әкімдердің аппараттарында, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларында бақылау жасау;»;

56) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

  «56) Министрліктің даму жоспарын әзірлеу және бекіту;»;

мынадай мазмұндағы 58-1) тармақшамен толықтырылсын:

«58-1)«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленетін заң жобаларын және қабылданған заңдарды ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламаларының жобаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен келісу;»;

96) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«96) заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу жөнiндегi қызметке әдiстемелiк басшылық жасау;»;

мынадай мазмұндағы 96-2), 96-3) тармақшалармен толықтырылсын:

«96-2) аумақтық әділет органдарының «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарының орындалуын бақылау;

         96-3) заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу мәселелерi жөнiндегi аумақтық әділет органдарының iс-қимылына шағымдарды қарауды жүзеге асыру;».

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

     

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                     А. Мамин

Дата публикации
09 августа 2021