«Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 100 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY

ÁDILET MINISTRLIGI

 

 

 

МИНИСТЕРСТВО ЮСТИЦИИ

 

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

 

______________________________________________________________________________________

 

BUIRYQ

                                       

 

 

ПРИКАЗ

 

_____________________________________________

                              Nur-Sultan qalasy

 

 

 

 

№_______________________________________

город Нур-Султан

 

 

 

 

 

«Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 100 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 100 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10321 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізу қағидаларында:

мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:

«20-1. Электрондық аукционда сатып алушы ретінде заңды тұлға, егер сауда-саттықтың екінші қатысушысы оның жұмыскері немесе үлестес тұлға болса, жеке тұлға, егер сауда-саттықтың екінші қатысушысы оның жақын туысы, зайыбы (жұбайы) болса, сот орындаушылар және осы атқарушылық іс жүргізу бойынша шешім шығарған судьялар, тыйым салынған мүлікті бағалаған бағалаушы, сондай-ақ олардың жақын туыстары, зайыбы (жұбайы), борышкер қатыса алмайды.»;

23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«23. Электрондық аукционға қатысу үшін кепілдік жарна мүліктің бағалау құнының бес пайызы мөлшерінде белгіленеді және қатысушының атынан БЭСА операторының банк шотына енгізіледі.»;

32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 «32. Электрондық аукцион мүліктің құнын көтеруге екі және одан да көп тіркелген қатысушылардан өтінім болған кезде жүргізіледі, ал ұсыныстар болмаған жағдайда, аукцион қатысушылардың бірі мүліктің бастапқы бағасынан 50% төмен болмауға тиіс мүлікті жарияланған баға бойынша сатып алуға келіскен кезге дейін бағаның төмендеуіне ауысумен жалғасады.

Бұл ретте тіркелген қатысушылар онлайн режимде болулары қажет, онлайн режимде тіркелген кемінде екі қатысушыдан қатысқан жағдайда, электрондық аукцион келесі күнге ауыстырылады, бірақ үш реттен аспауға тиіс.»;

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:

1)  осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының әділет вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Әділет министрі                                                                          М. Бекетаев

 

Дата публикации
02 августа 2021