|
QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY ÁDILET MINISTRLIGI |
МИНИСТЕРСТВО ЮСТИЦИИ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН |
|
|
______________________________________________________________________________________ |
||
|
BUIRYQ
|
|
ПРИКАЗ
|
|
_____________________________________________ Nur-Sultan qalasy
|
|
№_______________________________________ город Нур-Султан
|
«Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 171 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 169-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«6. Жеке сот орындаушысын бақылауды өткізу мерзімі он жұмыс күннен аспайтын уақытты құрайды.
Бақылауды жүргізу жеке сот орындаушысының уақытша жұмысқа қабілетсіздігі мерзімінде уақытша тоқтатылады.
Жеке сот орындаушысы еңбек демалысында болған кезде немесе басқа себептермен болмаған жағдайда бақылауды өткізу мерзімі ауыстырылады.
Бақылауды белгілейтін уәкілетті лауазымды тұлға жеке сот орындаушысына бақылауды жүргізу мерзімін ұзартуды, тоқтата тұруды және ауыстыруды жүзеге асырады.»;
«15. Шағым, өтініш, хабар не басқа да ақпарат уәкілетті органға немесе аумақтық әділет органына түскен кезде жеке сот орындаушысын жоспардан тыс бақылау тиісті әділет органының уәкілетті тұлғасының бұйрығымен тағайындалады.»;
«16. Шағым, өтініш, хабар не басқа да ақпарат Жеке сот орындаушыларының республикалық немесе өңірлік палатасына түскен кезде жеке сот орындаушысын жоспардан тыс бақылау жеке сот орындаушыларының тиісті палатасының уәкілетті тұлғасының бұйрығымен тағайындалады.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Жоспардан тыс бақылаудың мәні келіп түскен шағымның, өтініштің, хабардың және атқарушылық әрекеттерді жүзеге асыру кезінде жасаған заңдылықты бұзу фактілері туралы ақпараттың шеңберінде атқарушылық іс жүргізу материалдарын және жеке сот орындаушысының әрекеттерін зерделеу және тексеру болып табылады.
Бұл ретте жеке сот орындаушысының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны туралы күшіне енген сот актісі болған жағдайда жеке сот орындаушыларының қызметіне бақылау жүргізілмейді.»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Қорытынды кіріспе, сипаттама-уәждеме және қорытынды бөліктерінен тұрады.
Қорытындының кіріспе бөлімінде бақылаудың түрі туралы мәліметтер, бақылауды жүзеге асырған адамның және бақылауға жататын жеке сот орындаушысының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), бақылауды жүргізу мерзімі, жеке сот орындаушысының бақылауды тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі және күні көрсетіледі.
Қорытындының сипаттама-уәждеме бөлігінде жеке сот орындаушысының қызметі туралы және атқарушылық іс жүргізу туралы мәліметтер, оның ішінде атқарушылық әрекеттер хронологиялық тәртіппен баяндалады.
Қорытынды бөлікте Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтың болуы немесе болмауы туралы қорытынды, он бес күннен бастап, бірақ бір айдан аспайтын мерзім белгілене отырып оларды жою жөніндегі ұсынымдар баяндалады және жеке сот орындаушысының бұзушылықтарды жойғаны туралы ақпаратты тиісті аумақтық органға немесе жеке сот орындаушыларының тиісті палатасына беру міндеті көрсетіледі.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық жойылған және (немесе) келтірілген залал қалпына келтірілген жағдайда, қорытынды жеке сот орындаушыларының өңірлік (республикалық) палатасының тиісті тәртіптік комиссиясына қарауға жолданады.»;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Жеке сот орындаушысы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жоймаған және (немесе) келтірілген залалды қалпына келтірмеген жағдайда, қорытынды жеке сот орындаушыларының өңірлік (Республикалық) палатасының тиісті тәртіптік комиссиясына қарауға жолданады.
Заңның 143, 144-баптарында көзделген бұзушылықтар бойынша уәкілетті органға жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ұсыныс енгізіледі.
Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру (тоқтату) туралы ұсынысқа осы Қағидалардың 21-тармағында көзделген құжаттар тіркеледі.»;
мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толтырылсын:
«23-1. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұруға немесе тоқтатуға негіздер болмаған кезде, бірақ тәртіптік теріс қылық болғанда, уәкілетті орган материалдарды Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасына жеке сот орындаушысының тәртіптік жауаптылығы туралы мәселені қарау үшін жолдайды.
Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ұсынымдарды уәкілетті органның комиссиясы он бес жұмыс күні ішінде құжат толық орындалғанға дейін қарау мүмкіндігімен қарайды.
Комиссия тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады және уәкілетті органның атқарушылық іс жүргізу саласындағы құрылымдық бөлімшенің үш мүшесінен тұрады.
Комиссия ұсынымды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде объективті және жан-жақты қарастырады, оның нәтижелері бойынша хаттамалық шешім қабылдайды, оған комиссия төрағасы мен мүшелері қол қояды.
Комиссияның құрамы атқарушылық іс жүргізу мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрінің бұйрығымен бекітіледі.».
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі М. Бекетаев