|
QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY
ÁDILET MINISTRLIGI
|
|
МИНИСТЕРСТВО ЮСТИЦИИ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
|
|
BUIRYQ
|
|
ПРИКАЗ
|
20___ жылғы __________ № ___________________
Лицензияның қолданысын
тоқтата тұру туралы
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2011 жылдың
26 қазанында Бақытжан Амангельдинович Кусаиновқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген №11002610 мемлекеттік лицензиясының қолданысы үкім заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрсын.
- Ақмола облысының Әділет департаменті осы бұйрықты
Б.А. Кусаиновтың, Ақмола облысы адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департаменті директорының м.а. Р. Досановаға жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Ақмола облысы Әділет департаментінің 2021 ж. 30.06. № 07-19/1080-И ұсынысы.
Вице-министр А. Мадалиев