Лицензияның күшін тоқтату туралы

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

 

ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ

 

 

 

МИНИСТЕРСТВО ЮСТИЦИИ

 

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

______________________________________________________________________________________

 

БҰЙРЫҚ                                                                                      ПРИКАЗ

 

__________                                                                                            __________

     

Нұр-Сұлтан қ-сы                                                                                                                                          г. Нур-Султан

 

Лицензияның күшін

тоқтату туралы

 

         «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1- тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2005 жылдың 13 мамырда Жанерке Керчаизовна Мырзалиеваға берілген №0000036 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
  2. Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаментіне:

1) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Ж.К. Мырзалиеваның мұрағаттық және іс жүргізуінде жатқан құжаттарын жекеше нотариаттық мұрағатқа және басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қолдансын;

2) жекеше нотариус Ж.К. Мырзалиеваның мөрін жоюды.

  1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтату туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директорының А.Т. Тленчиевқа жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

        

Негізі: Нұр-Сұлтан қаласы Байқоныр ауданының 2021 жылы 9 наурыздағы № 7145-21-002/387 шешімі.

 

 

Вице-министр                                                                                А. Әмірғалиев

 

Дата публикации
21 июля 2021