Лицензияның қолданысын тоқтату туралы

QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY

ÁDILET MINISTRLIGI 

 

МИНИСТЕРСТВО ЮСТИЦИИ

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

 

BUIRYQ

 

 

ПРИКАЗ

 

 

Лицензияның қолданысын

тоқтату туралы

 

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 60-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2009 жылғы
    10 желтоқсанда Оралбай Сабитович Абдыкуловқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0003408 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
  2. Нұр-Сұлтан қаласы Әділет Департаменті:

         1) О.С. Абдыкуловтың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Нұр-Сұлтан қаласының адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

          2) О.С. Абдыкуловтың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген  лицензиясы қайтарып алынсын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

          1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

          2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

 

Негізі: Нұр-Сұлтан қаласының адвокаттар алқасының 11.06.2021 ж.
№267/21 өтінішхаты.

 

 

Вице-министр                                                                                А. Әмірғалиев

Дата публикации
19 июля 2021