«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың кейбір мәселелері туралы»

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы
9 наурыздағы № 55н бұйрығының 4-тармағының 4) тармақшасын орындау үшін Әділет министрлігінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыс жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық көріністеріне негізінен Әділет министрлігінің аумақтық бөлімшелері ұшырайтынын ескере отырып, алдын алу шараларының негізгі бағыты жергілікті жерлерлерде жүргізіледі.

Осыған байланысты, әділет органдары қызметкерлері мен азаматтардың құқықтық таным деңгейін арттыру үшін 2021 жылғы 1-ші жартыжылдықта аумақтық әділет органдары бұқаралық ақпарат құралдарында 600-ден астам сөз сөйледі, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бейнероликтер көрсетілді, дәрістер оқылды, семинарлар, дөңгелек үстелдер және т.б. өткізілді.

Мінез-құлықтың этикалық нормаларын бұзушылықтардың және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ұқсас 400-ге жуық іс-шара өткізілді.

Ағымдағы жылғы 29 қаңтарда 21 іс-шараны қамтитын Әділет министрлігінің 2021 жылға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 116-тармағын орындау мақсатында ағымдағы жылғы наурыз бен мамыр аралығында әділет органдарының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Министрліктің құрылымдық бөлімшелері, ведомстволық бағынысты ұйымдары, Алматы қаласы, Ақмола, Қарағанды, Қызылорда және Түркістан облыстарының әділет департаменттері талдаумен қамтылды.

Ағымдағы жылғы 28 мамырда ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді, онда 50 іс-шара көзделген, ал оны іске асыру мерзімі 1 жылдан аспайды.

Көрсетілген жоспар барлық құрылымдық және аумақтық бөлімшелердің, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың орындауында.

Бұдан басқа, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағын орындау үшін Әділет министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарында (квазимемлекеттік сектор субъектілерінде) қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолданудың тиімділігін арттыруға бағытталған тұрақты жұмысты жүзеге асыратын сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің функцияларын атқаратын жауапты қызметкерлер айқындалды.

 

Дата публикации
23 июля 2021