Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

          Nur-Sultan qalasy                                                                                                         город Нур-Султан                                                                                                               

 

 

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
  2. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 27 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20610 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ережелерінде:

4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Стандартта жазылған.

      Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері жеке басын куәландыратын құжатты не көрсетілетін қызметті алушының цифрлық құжаттамалары сервисінен электрондық құжатты мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі қамтылған мәліметтермен тексереді (сәйкестендіру үшін).

      Егер мәмілені нотариат куәландырмаса, онда тіркеуші орган мәмілені жасаған адамдардың (олардың уәкілетті өкілдерінің) қолының төлнұсқалығын, олардың әрекет қабілеттілігін (құқық қабілеттілігін), сондай-ақ олардың ерік білдіруіне сәйкестігін тексеруге міндетті.

      Мәмілені жасаған қол қоюшылардың (олардың уәкілетті өкілдерінің) түпнұсқалығын, олардың әрекет қабілеттілігін (құқық қабілеттілігін), сондай-ақ олардың ерік білдіруіне сәйкестігін тексеру рәсімінің аяқталуын растау көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің шарт даналарына белгі қоюы және қол қоюы болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші осы Ережелердің 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат бере отырып, құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті қарауды тоқтату туралы өтінішхатпен жүгіне алады.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушы қолдаухатты көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша береді.».

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, инновациялар және

аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

 

 

Дата публикации
14 июня 2021