«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

          Nur-Sultan qalasy                                                                                                         город Нур-Султан                                                                                                               

 

 

 

 

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығына

өзгерістер енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 20771 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету ережесінде:

16-1-тармақпен толықтырсын және мындай редакцияда жазылсын:

«16-1. Қызмет берушінің қызметкері өтініш берушіден осы Қағидалардың             11-тармағында көрсетілген өтініштің түскен сәтінен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған немесе осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қандай талаптарға сәйкес келмейтінін және оны мемлекеттік қызметті көрсету мерзімінен аспайтын сәйкестікке келтіру мерзімін көрсете отырып, хабарлама жібереді.

Бұл ретте, көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі қызметті алушыға хабарлама жіберілген күннен бастап екі жұмыс күні мерзіміне тоқтатыла тұрады.

Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкес келтіру мерзімі 2 жұмыс күнін құрайды.

Егер хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы оны талаптарға сәйкес келтірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізілетін уақыт пен орын туралы хабардар етеді.

Алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде қабылдайды.

Тыңдау нәтижелері бойынша қызмет беруші тіркеу туралы шешім береді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.

Осы тармақтың талаптары саяси партияларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдарын (өкіліктердін) есептік тіркеу (қайта тіркеу) кезінде қолданылмайды).»;

24-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«24. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты шешімі, іс-әрекеті (әрекетсіздігі) туралы шағым, көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.»;

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету ережесінде:

11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«11. Осы Қағидалардың 3 және 4-тармақтарына сәйкес құжаттар келіп түскен кезде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері тізілімге сәйкес құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және заңды тұлғаларды тіркеу Басқармасына (бөліміне) жолдайды.

Заңды тұлғаларды тіркеу басқармасының (бөлімінің) басшысы 15 минут ішінде жауапты орындаушыны анықтайды және оны орындауға береді.

Жауапты орындаушы: ұсынылған құжаттардың дұрыс толтырылуын (ресімдеуін) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін тексереді; заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы, филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы бұйрықты ресімдейді, бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне мәліметтерді енгізеді, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы, бизнес–сәйкестендіру нөмірі берілген филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы анықтаманы ресімдейді, іс ресімделгеннен кейін (БСН берілгенін растайтын тиісті мөртабандар қойылғаннан кейін) құрылтай және басқа құжаттардың бір данасынан тұратын істі ресімдейді.

Ұсынылған құжаттар заңнамаға сәйкес келмеген жағдайда жауапты орындаушы бас тарту туралы дәлелді бұйрықты ресімдейді.

Қызмет берушінің қызметкері өтініш берушіден осы Қағидалардың                  6-тармағында көрсетілген өтініштің түскен сәтінен  бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған немесе осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қандай талаптарға сәйкес келмейтінін және оны мемлекеттік қызметті көрсету мерзімінен аспайтын сәйкестікке келтіру мерзімін көрсете отырып, хабарлама жібереді.

Бұл ретте, көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі қызметті алушыға хабарлама жіберілген күннен бастап екі жұмыс күні мерзіміне тоқтатыла тұрады.

Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкес келтіру мерзімі 2 жұмыс күнін құрайды.

Егер хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы оны талаптарға сәйкес келтірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізілетін уақыт пен орын туралы хабардар етеді.

Алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде қабылдайды.

Тыңдау нәтижелері бойынша қызмет беруші тіркеу туралы шешім береді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.

Жауапты орындаушы қарағаннан кейін бизнес-сәйкестендіру нөмірі берілген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы, филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы анықтама немесе бас тарту туралы дәлелді бұйрық басшылыққа қол қоюға жіберіледі. Басшы қол қойған құжаттарды жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне береді. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды курьер арқылы мемлекеттік корпорацияға береді немесе портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.»;

19-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«19. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты шешімі, іс-әрекеті (әрекетсіздігі) туралы шағым, көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.»;

«Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметтің көрсету ережесінде:

26-1-тармақпен толықтырсын және мындай редакцияда жазылсын:

«26-1. Қызмет берушінің қызметкері өтініш берушіден осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген өтініштің түскен сәтінен  бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған немесе осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қандай талаптарға сәйкес келмейтінін және оны мемлекеттік қызметті көрсету мерзімінен аспайтын сәйкестікке келтіру мерзімін көрсете отырып, хабарлама жібереді.

Бұл ретте, көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі қызметті алушыға хабарлама жіберілген күннен бастап екі жұмыс күні мерзіміне тоқтатыла тұрады.

Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкес келтіру мерзімі 2 жұмыс күнін құрайды.

Егер хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы оны талаптарға сәйкес келтірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізілетін уақыт пен орын туралы хабардар етеді.

Алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде қабылдайды.

Тыңдау нәтижелері бойынша қызмет беруші тіркеу туралы шешім береді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.

Осы тармақтың талаптары саяси партияларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдарын (өкіліктердін) есептік тіркеу (қайта тіркеу) кезінде қолданылмайды).»;

34-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«34. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты шешімі, іс-әрекеті (әрекетсіздігі) туралы шағым, көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.»;

«Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару» мемлекеттік қызметтің көрсету ережесінде:

9-1-тармақпен толықтырсын және мындай редакцияда жазылсын:

«9-1. Қызмет берушінің қызметкері өтініш берушіден осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген өтініштің түскен сәтінен  бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған немесе осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қандай талаптарға сәйкес келмейтінін және оны мемлекеттік қызметті көрсету мерзімінен аспайтын сәйкестікке келтіру мерзімін көрсете отырып, хабарлама жібереді.

Бұл ретте, көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі қызметті алушыға хабарлама жіберілген күннен бастап екі жұмыс күні мерзіміне тоқтатыла тұрады.

Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкес келтіру мерзімі 2 жұмыс күнін құрайды.

Егер хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы оны талаптарға сәйкес келтірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізілетін уақыт пен орын туралы хабардар етеді.

Алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде қабылдайды.

Тыңдау нәтижелері бойынша қызмет беруші тіркеу туралы шешім береді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.

Осы тармақтың талаптары саяси партияларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдарын (өкіліктердін) есептік тіркеу (қайта тіркеу) кезінде қолданылмайды).»;

21-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«21. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты шешімі, іс-әрекеті (әрекетсіздігі) туралы шағым, көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.»;

«Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру» мемлекеттік қызметтің көрсету ережесінде;

18-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«18. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты шешімі, іс-әрекеті (әрекетсіздігі) туралы шағым, көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.»;

«Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметтің көрсету ережесінде:

13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«13. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты шешімі, іс-әрекеті (әрекетсіздігі) туралы шағым, көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.»;

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерді ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз ету тапсырылды.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
  3. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жарияланады.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, инновациялар және

аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

 

 

Дата публикации
14 июня 2021