Есептік кезең: 2018 жыл
|
Ықтимал тәуекелдердің атауы |
Тәуекелдерді басқару бойынша жоспарланған іс-шаралар |
Тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралардың іс жүзінде орындалуы |
Ескертпе (орындалуы/ орындалмауы туралы ақпарат) |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
1-стратегиялық бағыт. Мемлекет қызметін құқықтық қамтамасыз ету |
|||
|
1.1.- мақсат. Ұлттық заңнаманы жетілдіру, сондай-ақ Қазақстанның ұлттық мүдделерiн қорғау мақсатында халықаралық аренадағы қызметiн құқықтық қамтамасыз ету |
|||
|
Мемлекеттік тіркеуге жататын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары әзірлейтін нормативтік құқықтық актілер сапасының төмендеуі. |
Мемлекеттік тіркеуге жататын НҚА әзірлеу, сондай-ақ норма шығармашылық қызметті жетілдіру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу және әдістемелік көмек көрсету. |
Норма шығармашылық қызметтің сапасын арттыру мақсатында әділет органдары есептік кезеңде мемлекеттік органдардың заң қызметтерінің Үйлестіру кеңесінің (әділет органдарының жанында құрылған) 50 отырысы, 165 семинар, 61 «дөңгелек үстел» өткізді, 303 дәріс оқыды, 188 мақала жариялады, 23 радио және теледидарға шықты, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік органдардың заң қызметтерінің 460 қызметкері облыстық, Астана және Алматы қалаларының Әділет департаменттерінде тағылымдамадан өтті. |
орындалды |
|
Әлемдік экономика мен саясаттағы өзгерістер, жаһандану процестері, сондай-ақ мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының басым бағыттарының өзгеруі. |
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жолдауында қойылған мемлекет дамуының маңызды бағыттарын, Заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспарын ескере отырып, ғылыми зерттеулердің тақырыбын анықтау, сонымен бірге Қазақстан Республикасының норма шығармашылық қызметіне ғылыми зерттеулердің нәтижелерін енгізу. |
2018 жылы жүргізілген 6 іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер тақырыбы заң шығармашылық жұмысының тұжырымдамалық жоспарының ережелері шеңберінде ұлттық заңнаманы жетілдірудің басым бағыттарын жүзеге асыруға сәйкес келді.
|
орындалды |
|
Ғылыми сараптама жүргізетін сарапшылардың төмен біліктілігі. |
Сарапшыларға қойылатын жоғары талаптарды белгілеу. |
Сарапшыларға қойылатын талаптардың толық тізбесі Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай - ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми сараптама жүргізу қағидаларында белгіленген (ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 14 қыркүйектегі № 938 қаулысымен бекітілген). Өзге талаптарды белгілеу «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына қайшы келеді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасындағы мемлекеттік қызметтерді сатып алу туралы 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 79/к Шартқа ғылыми сараптама бойынша сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету өнім беруші тарапынан кепілдіктер енгізілген (шарттың 6.1-тармағы) және тиісінше , өнім берушінің Әділетмині атынан көрсетілетін қызметтердің сапасын тексеру құқығы енгізілген (Шарттың 3.4-тармағы). Шарттың көрсетілген талаптарын орындамау фактілері жоқ. |
орындалды |
|
Ғылыми құқықтық сараптаманың төмен сапасы. |
Ғылыми ұйымдарға жоғары талаптарды қою. |
2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңына сәйкес қызметтерді сатып алуға ашық конкурс өткізу кезінде ғылыми ұйымдарға қойылатын талаптар конкурстық құжаттамада 2018-03-19 № 2208050-ОК1 көзделген. |
орындалды |
|
2-стратегиялық бағыт. Азаматтар мен ұйымдардың құқығын іске асыруды қамтамасыз ету |
|||
|
2.1.-мақсат. Сот-сараптама қызметін халықаралық аккредитация стандарттары деңгейіне дейін жетілдіру |
|||
|
Сот сараптамасын тағайындау үшін құқық қорғау органдары, арнайы органдар және соттар дайындаған сапасыз материалдар санының ұлғаюы. |
Құқық қорғау органдарының, арнайы органдардың және соттардың қызметкерлері үшін сот сараптамасын тағайындау мәселелері бойынша кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу. |
Орындалған сот сараптамалар үлесін арттыру және материалдарды орындаусыз қайтаруды болдырмау мақсатында құқық қорғау және арнайы органдармен, соттармен және адвокаттармен тұрақты негізде сот сараптамаларын тағайындау тәртібін түсіндіру бойынша оқу-әдістемелік жұмыс жүргізіледі (2018 жылы 323 іс-шара өткізілді (дөңгелек стол - 20, дәрістер - 216, семинарлар - 85, бейнебайланыс - 2), оның ішінде ІІО қызметкерлері үшін - 217, соттар үшін -25, прокуратура қызметкерлері үшін - 28, МКД қызметкерлері үшін - 27, адвокаттар үшін - 8, МҚІжСЖҚА қызметкерлері үшін - 17, ҰҚКД қызметкерлері үшін - 1). |
орындалды
|
|
2.2. Мақсат. Сот актілерін орындау тиімділігін арттыру |
|||
|
Азаматтардың дағдарыс кезеңінде сотта өз мүдделерін қорғау бойынша өтініштері санының көбею есебінен келіп түсетін атқарушылық құжаттар санының көбеюі. |
Республикалық жеке сот орындаушылар палатасымен бірге жеке сот орындаушылар санын көбейтуге бағытталған жұмыс жүргізу. |
Министрлік 2018 жылы жеке сот орындаушы (бұдан әрі - ЖСО) қызметімен айналысу құқығына 695 лицензия берді. ЖСО саны 1649-дан 1 930-ға дейін көбейді. Республиканың барлық аудандары ЖСО қызметімен қамтамасыз етілді. |
орындалды |
|
Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына лицензияның қолданысы уақытша тоқтатылған (тоқтатылған) жағдайда жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарында атқарушылық іс жүргізулердің уақтылы бөлінбеуі. |
Жеке сот орындаушылары арасында атқарушылық іс жүргізулерді қайта бөлу функционалын әзірлеу және іске асыру.
|
2017 жылы іске қосылған Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінен және Жоғары Соттан электронды түрде келіп түсетін атқарушылық құжаттарды ЖСО арасында автоматты түрде қайта бөлу функционалы арқылы 2018 жылдың қыркүйегінен бастап Әкімшілік іс жүргізудің Бірыңғай тізілімі арқылы Астана және Алматы қ.қ. бойынша әкімшілік тәжірибе субъектілерінен келіп түсетін атқарушылық құжаттар бөлінеді. Функционалдың ензілуімен автоматты түрде 1 770 543 атқарушылық құжат бөлінді.
|
орындалды |
|
2.3. Мақсат. Азаматтардың білікті заң көмегін және тіркеу қызметтерін алу құқығын іске асыруды қамтамасыз ету |
|||
|
Адвокаттардың біліктілігі мен кәсіби мәдениеті деңгейінің төмендеуіне байланысты азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың төмен дәрежеде қамтамасыз етілуі. |
Азаматтарға білікті заң көмегін көрсету тетігін жетілдіру.
|
2018 жылдың 23 шілдесінде Әділет министрлігі әзірлеген «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заң (бұдан әрі-Заң) күшіне енді. Заңның басты жаңалықтары жеке тәжірибедегі заңгерлер қызметтерін реттеу, адвокаттар алқасының мүшелік жарнасын алып тастау, кешенді әлеуметтік заң көмегі институтын енгізу, адвокаттар және заң кеңесшілер қызметінің сақтандыру жүйесін енгізу, заң көмегін сапасыз көрсеткені, стандарттарды, сапа критерийлерін, кәсіби әдептерді сақтамағаны үшін адвокаттарды жауапкершілікке тарту механизмін енгізу, сондай-ақ адвокаттардың және заң кеңесшілерінің қызметін автоматтандыру және оңтайландыру көздеу болып табылады. Заңды іске асыру барысында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Әділет министрлігінің, Республикалық адвокаттар алқасының келісімі бойынша заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесін 2018 жылы әзірледі (енгізу мерзімі – ағымдағы жылдың 3 тоқсаны). Аталған жүйені енгізу мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету бойынша адвокаттарды тағайындау, құжаттарды рәсімдеу, адвокаттардың мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекет етуін, азаматтардың кеңес алу процесстерін автоматтандыруға мүмкіндік береді. |
орындалды
|
|
Ақпараттық анықтамалық жүйелерді қолданумен көрсетілген анықтамалық-кеңестік қызметті алушылардың қызметті бағалауға толық қатыспауы. |
Көрсетілген анықтамалық-кеңестік қызметті бағалау тетігін жеңілдету шараларын қабылдау. |
2017 жылдың 3 тоқсанында енгізілген абонентпен диалог барысында оператор-кеңес берушінің көрсеткен қызметіне оның айтылған бағасын кейін ақпараттық жүйеде қою мүмкіндігін қамтамасыз ету механизмі шеңберінде жұмыс жалғастырылды. |
орындалды
|
|
2.4. Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және қорғауға қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету |
|||
|
Апелляциялық кеңес шешімдерінің күшін жою. |
Материалдарды есепке алуды жүргізу, апелляциялық кеңес материалдарын қарау үшін қалыптастыру және талдау жүргізу, апелляциялық кеңестің отырыстарын дайындау. |
Апелляциялық кеңеске келіп түсетін қарсылықтарды есепке алу, материалдарды дайындау және апелляциялық кеңес отырысын өткізу Апелляциялық кеңестің қарсылықтарды қарау қағидаларына сәйкес жүргізіледі (Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1317 бұйрығы). 2018 жылдың қорытындысы бойынша Апелляциялық кеңестің қызметіне талдау жүргізілді, оның нәтижесі бойынша зияткерлік меншік саласындағы дауларды қарау бойынша судьяларды жүйелі түрде оқытуға және біліктілігін арттыруға бағытталған ұсынымдар әзірленді.
|
орындалды
|
2. Мақсаттарға және нысаналы индикаторларға қол жеткізу
|
Нысаналы индикатордың атауы |
Ақпарат көзі |
Өлш. бірл. |
Есепті кезең |
Ескертпе (орындалуы/ |
|
|
Жоспар |
Факт |
||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
1-стратегиялық бағыт. Мемлекет қызметін құқықтық қамтамасыз ету |
|||||
|
1.1 – мақсат. Ұлттық заңнаманы жетілдіру, сондай-ақ Қазақстанның ұлттық мүдделерiн қорғау мақсатында халықаралық аренадағы қызметiн құқықтық қамтамасыз ету |
|||||
|
Заң жобаcында есепке алынған ғылыми құқықтық сараптамалар ұсыныстарының үлесі |
Әдiлет министрлiгiнiң есептiк деректерi |
%
|
84
|
63,15
|
2018 жылы ғылыми сараптама жүргізуге 40 заң жобасы келіп түсті, оның ішінде 34 заң жобасы бойынша 285 ескерту берілді, әзірлеуші органдармен 180-і есепке алынды немесе 63,15% құрады, жоспарлы мәні - 84%, бұл НИ 20,85%-ға қол жеткізбегенін көрсетеді. |
|
Әділет министрлігімен келісілген Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулыларының, Конституциялық Кеңестің қаулылары, прокурорлық қадағалау актілері және сот шешімдерінің негізінде өзгертілген не күшін жойған актілерінің үлесі (есеп беру кезеңінде келісілген жобалардың жалпы санынан) |
Әдiлет министрлiгiнiң есептiк деректерi |
% |
0,24 (аспауға тиіс)
|
0
|
2018 жылы 873 заңға тәуелді актілердің жобалары келісілді. Келісілген жобаларға прокурорлық қадағалау актілері, Конституциялық Кеңестің қаулылары және сот шешімдері түскен жоқ, тиесінше көрсеткіш 0% құрады.
|
|
Мемлекеттік тіркеу барысында сапасыз заң сараптамасын жүргізуге байланысты негізделген прокурорлық қадағалау актілері (наразылықтар, ұсыныстар) енгізілген Әділет органдарымен тіркелген (тіркелген НҚА жалпы санынан) нормативтік құқықтық актілердің үлесі |
Әдiлет министрлiгiнiң есептiк деректерi |
% |
1 (аспауға тиіс)
|
0,08
|
2018 жылы аумақтық әділет органдарымен тіркелген жергілікті мемлекеттік органдардың 20 НҚА қатысты 20 прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. Оның ішінде:
Бұл ретте, осы кезенде тіркелген НҚА жалпы саны – 9960 НҚА құрады, олардың ішінде Әдiлет министрлiгiмен - 1979, аумақтық әділет органдарымен – 7981 тіркелді.Тиісінше көрсеткіш 0,08% құрады. |
|
Іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу нәтижелері бойынша алынған ұсынымдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру тұжырымдамасының шеңберінде әзірленіп ұсыныстардың, нормативтік құқықтық актілерде көрініс тапқан үлесі |
Әдiлет министрлiгiнiң есептiк деректерi |
% |
12 |
12,09
|
2018 жылы қолдаңыстағы ұлттық және шет ел заңнамасына 6 іргелі және қолданбалы зерттеу жүргізілді. Зерттеу нәтижесі бойынша 124 ұсыныс жолданып, оның 15-і НҚА-ге енгізілді, бұл 12,09% құрады.
|
|
Ғылыми құқықтық сараптамалардың ұсыныстары есепке алынған халықаралық шарттар мен халықаралық шарттар жобасының үлесі |
Әдiлет министрлiгiнiң есептiк деректерi |
% |
54
|
54,34
|
2018 жылы құқықтық сараптама нәтижесі бойынша ратификациялауға жататын 46 халықаралық шарт және халықаралық шарт жобаларына ұсыныс берілді, оның ішінде 25-і (6 халықаралық шарт және 19 халықаралық шарт жобасы) бойынша ұсыныстар ескерілді, бұл 54,34 % құрады. . |
|
2-стратегиялық бағыт. Азаматтар мен ұйымдардың құқығын іске асыруды қамтамасыз ету |
|||||
|
2.1. мақсат. Сот-сараптама қызметін халықаралық аккредитация стандарттары деңгейіне дейін жетілдіру |
|||||
|
Сот сараптамасы органдарының өндірісіндегі материалдардың жалпы санынан орындалған сот сараптамаларының үлесі |
Әдiлет министрлiгiнiң есептiк деректерi |
% |
94,6
|
96,25
|
2018 жылы сот сараптамасы органдарына құқық қорғау, арнайы органдар және соттардан жалпы 197 546 материал келіп түсті, оның ішінде 190 153 сараптама орындалды, бұл 96,25% құрады. |
|
Біліктілікті арттыру және қайта даярлаудан өткен сот сарапшылары мен орта медициналық персоналдың олардың жалпы санынан үлесі |
Әдiлет министрлiгiнiң есептiк деректерi |
% |
26
|
30,08 (оның ішінде 2017 жылы - 15,5%, 2018 жылы – 14,58%)
|
2018 жылы 1591 сот сарапшы мен орта медициналық персоналдың қатарынан (оның ішінде 1139 – сот сарапшысы, 452 – орта медициналық персонал) 232 қызметкер (оның ішінде 172 – сот сарапшысы, 60 – орта медициналық персонал) біліктілікті арттыру және қайта даярлаудан өтті, бұл 14,58% құрады. Анықтама: 2017 жылы 1594 сот сарапшы мен орта медициналық персоналдың қатарынан (оның ішінде 1165 – сот сарапшысы, 429 – орта медициналық персонал) 247 қызметкер (оның ішінде, 187 – сот сарапшысы, 60 – орта медициналық персонал) біліктілікті арттыру және қайта даярлаудан өтті, бұл 15,5% құрады. |
|
2.2. мақсат. Сот актілерін орындау тиімділігін арттыру |
|||||
|
Аяқталған атқарушылық өндiрiстердiң жалпы санынан толық көлемде орындалған атқарушылық құжаттардың үлесі |
Әдiлет министрлiгiнiң есептiк деректерi |
% |
59 |
68,7
|
2018 жылы орындауда 1 185 785 құжат болды, оның 814 641 толық көлемде орындалды, бұл 68,7% құрады.
|
|
2.3. мақсат. Азаматтардың білікті заң көмегін және тіркеу қызметтерін алу құқығын іске асыруды қамтамасыз ету |
|||||
|
Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қатысатын адвокаттардың үлесі |
Әдiлет министрлiгiнiң есептiк деректерi |
% |
61
|
63,68
|
2018 жылы адвокаттардың жалпы саны 4 978 құрады, оның ішінде 3170 адвокат мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қамтылды, бұл 63,68% құрады.
|
|
Ақпараттық анықтама жүйесін қолдануымен анықтама-кеңес қызметін бағалағандардан қанағаттандырылған азаматтардың үлесі |
Әдiлет министрлiгiнiң есептiк деректерi |
% |
81
|
94,79
|
2018 жыл қорытындысы бойынша ақпараттық анықтама жүйесін қолдануымен анықтама-кеңес қызметін бағалаған азаматтардың саны 31 730 құрады, оның ішінде қанағаттандырылғандар саны - 30 078 азамат, бұл 94,79% құрады.
|
|
2.4. мақсат.Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және қорғауға қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету |
|||||
|
Шығарылған шешімдердің жалпы санынан күшіне енген және тараптар шағым бермеген апелляциялық кеңес шешімдерінің үлесі |
Әдiлет министрлiгiнiң есептiк деректерi |
% |
92
|
97,64
|
2018 жылы Апелляциялық кеңестің (бұдан әрі - алқа) 85 шешімі қабылданды және күшіне енді, оның 12-сі сот тәртібінде шағымдалды. Алқаның шешімдеріне 12 талап арызды қарастыру нәтижесі бойынша 10 -ы күшінде қалдырылды, 1 -і жойылды, 1-і 2019 жылға ауыстырылды, бұл 97,64% құрады. |
Әділет министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы №1207 бұйрығымен бекітілген 2017-2021 жылдарға арналған Әділет министрлігінің Стратегиялық жоспары (бұдан әрі - Стратегиялық жоспар) 2 стратегиялық бағыттың орындалуын қамтиды:
- мемлекет қызметін құқықтық қамтамасыз ету;
- азаматтар мен ұйымдардың құқығын іске асыруды қамтамасыз ету.
Стратегиялық жоспар 11 нысаналы индикатордың (НИ) орындалуын көздейді, оның ішінде 2018 жылдың қорытындысы бойынша 10 НИ немесе 90,9% орындалды.
1 стратегиялық бағыт. «Мемлекет қызметін құқықтық қамтамасыз ету» Ұлттық заңнаманы жетілдіру, сондай-ақ Қазақстанның ұлттық мүдделерiн қорғау мақсатында халықаралық аренадағы қызметiн құқықтық қамтамасыз ету 1.1. мақсаты 5 нысаналы индикаторды қамтиды: 1. «Заң жобаcында есепке алынған ғылыми құқықтық сараптамалар ұсыныстарының үлесі»; 2. «Әділет министрлігімен келісілген Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулыларының, Конституциялық Кеңестің қаулылары, прокурорлық қадағалау актілері және сот шешімдерінің негізінде өзгертілген не күшін жойған актілерінің үлесі (есеп беру кезеңінде келісілген жобалардың жалпы санынан)»; 3. «Мемлекеттік тіркеу барысында сапасыз заң сараптамасын жүргізуге байланысты негізделген прокурорлық қадағалау актілері (наразылықтар, ұсыныстар) енгізілген Әділет органдарымен тіркелген (тіркелген НҚА жалпы санынан) нормативтік құқықтық актілердің үлесі»; 4. «Іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу нәтижелері бойынша алынған ұсынымдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру тұжырымдамасының шеңберінде әзірленіп ұсыныстардың, нормативтік құқықтық актілерде көрініс тапқан үлесі»; 5. «Ғылыми құқықтық сараптамалардың ұсыныстары есепке алынған халықаралық шарттар мен халықаралық шарттар жобасының үлесі».
1.1. мақсат «Ұлттық заңнаманы жетілдіру, сондай-ақ Қазақстанның ұлттық мүдделерiн қорғау мақсатында халықаралық аренадағы қызметiн құқықтық қамтамасыз ету»
«Заң жобаcында есепке алынған ғылыми құқықтық сараптамалар ұсыныстарының үлесі» НИ бойынша
Бұдан бұрын, Әділет Министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында (бұдан әрі – Стратегиялық жоспар) ғылыми ұйымдар жүргізетін ғылыми сараптаманың сапасын бағалауға бағытталған «Ғылыми құқықтық сараптамалардың ұсыныстары есепке алынған заң жобаларының үлесі» нысаналы индикаторы (бұдан әрі - НИ) көзделген.
Алайда, тәжірибеде ғылыми ұйымда бір заң жобасы бойынша тек 1 ескерту болған, ал басқа заң жобасы бойынша ескертулер саны 2 және одан да көп болған жағдайлар болған. Бұл ретте, ұсыныстар мен ескертулер санына қарамастан, НИ есептеу барысында бұл ғылыми сараптаманың ескертулері ескерілген заң жобасының 1 бірлігі ретінде есепке алынды.
Осыған орай, заң жобасында әзірлеуші орган есепке алған ғылыми ұйымның ұсыныстар санын неғұрлым дәл көрсету үшін Әділет министрлігімен жоғарыда көрсетілген индикатордың атауын «Заң жобасында есепке алынған ғылыми құқықтық сараптамалар ұсыныстарының үлесі» деп өзгертілді (Әділет министрінің 2018 жылғы 25 мамырдағы № 790 бұйрығы).
Бұл ретте, «Ғылыми құқықтық сараптама ұсыныстары ескерілген заң жобаларының үлесі» НИ мәні 2017 жылда 95,6% - ды құрады (жоспарлы көрсеткіш 83 %). НИ жоспарлы қол жеткізу нәтижесі жыл қорытындысы бойынша ғана анықталуына және ұсыныстардың қандай үлесі әзірлеуші органдармен есепке алынатынына байланысты болуын, 2018 жылғы мамырда НИ атауы өзгерген кезде көрсеткіштің 2018 жылға мәні - 84% түзетілген.
Сонымен қатар, ғылыми құқықтық сараптама қорытындыларының талдауы 2018 жылы қызмет көрсетушілермен («Құқықтық талдау институты» ЖШС және «М. С. Нәрікбаев атындағы Университет «КазГЮУ» АҚ) 40 заң жобасы бойынша ғылыми сараптама жүргізілді, оның ішінде 34 заң жобасы бойынша 285 ұсыныс берілді, әзірлеуші органдармен 180 ұсыныс ескерілді, бұл 63,15% құрады (2018 жылдың 1 жарты жылдығында 153 ұсыныстың 82 - і қабылданды, 2018 жылдың 2-жартыжылдығында 132 ұсыныстың 98-і қабылданды), осыған орай, нысаналы индикаторға 20,85% қол жеткізбегені байқалады.
Талдаудан жоғарыда көрсетілген НИ Әділет министрлігінің жұмысын көрсетпейтінін,өз кезегінде Әділет министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы болып табылмайтын, дербес заңды тұлға «М. С. Нәрікбаев атындағы Университет «КазГЮУ» АҚ ғылыми ұйымының қызметіне, сондай-ақ сарапшылардың ұсыныстарын қабылдай алатын не қабылдамайтын әзірлеуші органдарға байланысты екенін білдіреді.
Осыған байланысты, Стратегиялық жоспардың жоспарлы мәндерін түзету барысында «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2018 жылғы 30 қарашадағы Заң шеңберінде қолданыстағы НИ Әділет министрлігінің тікелей жұмысын көрсететін «Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған заңдардың жалпы санынан Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келетін заңдардың үлесі» НИ ауыстырылды.
Өйткені, «Әділет органдары туралы» Заңның 3-бабының 1-тармағына сәйкес Министрліктің негізгі міндеттерінің бірі жалпымемлекеттiк даму стратегиясын әзiрлеу мен iске асыруға қатысу, заң жобасы жұмысын жүргiзу, заңдарды талдау, жетiлдiру, жүйелеу, нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына заң сараптамасын жүргiзу арқылы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдiгiн, Қазақстан Республикасының егемендiгiн, Қазақстан қоғамы мен мемлекетiнiң тұрақты және қарышты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңдарды қалыптастыруға қатысу болып табылады.
«Әділет министрлігімен келісілген Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулыларының, Конституциялық Кеңестің қаулылары, прокурорлық қадағалау актілері және сот шешімдерінің негізінде өзгертілген не күшін жойған актілерінің үлесі (есеп беру кезеңінде келісілген жобалардың жалпы санынан) НИ бойынша
НИ Стратегиялық жоспарда Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына заңдық сараптама жүргізу бойынша функцияларды жүзеге асыру бөлігінде көзделген.
Бұл НИ заң сараптамасын жүргізу сапасын үнемі арттыруға, Президент, Үкімет актілеріне прокурорлық қадағалау актілерін енгізу фактілеріне жол бермеуге бағытталған.
2018 жылы Конституциялық Кеңестің қаулылары, прокурорлық қадағалау актілері мен сот шешімдері Әділет министрлігімен келісілген Қазақстан Республикасы Президенттің нормативтік құқықтық жарлықтарына және Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулыларына енгізілген жоқ, бұл -0% құрады.
Әділет министрлігі осы индикаторға қол жеткізу бойынша қабылданатын шаралар аясында әділет органдарының заң қызметтері қызметінің Үйлестіру кеңесінің отырысында норма шығармашылық мәселелері тұрақты негізде қаралады, әдістемелік көмек көрсетіледі, мемлекеттік органдар әзірлейтін Президент пен Үкімет актілерінің сапасына талдау, сондай-ақ Әділет министрлігінде мемлекеттік органдардың заң қызметтері қызметкерлерінің жыл сайынғы тағылымдамадан өтуі жүргізеді.
Қабылданатын шаралар Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін әзірлеу сапасын одан әрі арттыруға оң ықпал етеді.
«Мемлекеттік тіркеу барысында сапасыз заң сараптамасын жүргізуге байланысты негізделген прокурорлық қадағалау актілері (наразылықтар, ұсыныстар) енгізілген Әділет органдарымен тіркелген (тіркелген НҚА жалпы санынан) нормативтік құқықтық актілердің үлесі» НИ бойынша
2018 жылы әділет органдарымен тіркелген жалпы 9960 НҚА-ның 8-не қатысты 8 прокурорлық қадағалау актісі қанағаттандырылды, бұл 0,08% құрады. Бұл НИ артылмаған, тиісінше, азаматтардың құқықтарының бұзылуына, заңнамамен белгіленген құқықтар мен бостандықтарына қысым жасау (жүзеге асыруға мүмкіндігі болмауы) мүмкіндігі төмендетілді.
Мемлекеттік органдардың жұмысының заңдылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ республика азаматтарының құқықтарын қорғау мақсатында осы бағытта жұмыс жалғастырылатын болады.
«Іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу нәтижелері бойынша алынған ұсынымдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру тұжырымдамасының шеңберінде әзірленген ұсыныстардың, нормативтік құқықтық актілерде көрініс тапқан үлесі» НИ бойынша
2018 жылы 6 іргелі және қолданбалы зерттеу жүргізілді («Жария құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды сотқа дейін реттеу: проблемалары және жетілдіру перспективалары»; «Қазақстан Республикасында заң жобалау қызметін ғылыми қамтамасыз ету»; «Қазақстан Республикасының экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық туралы заңнамасының проблемалары»; «Қазақстан Республикасының заңнамасына адам құқықтары (азаматтық және саяси құқықтар) жөніндегі халықаралық шарттар нормаларын имплементациялау»; «Заңды тұлғалар туралы заңнаманың мониторингі: қолдану теориясы мен практикасы»; «Ратификацияланған халықаралық шарттардағы заң терминдерінің қолданылуына мониторинг жүргізу»).
«Ғылыми құқықтық сараптамалардың ұсыныстары есепке алынған халықаралық шарттар мен халықаралық шарттар жобасының үлесі» НИ бойынша
2018 жылы «Заңнамалық актілердің және халықаралық шарттардың жобаларына ғылыми құқықтық сараптама» бюджеттік бағдарламасы бойынша 70 жобаға ғылыми құқықтық сараптама жүргізу жоспарланған. 2018 жылы құқықтық сараптама нәтижесі бойынша ратификациялауға жататын 46 халықаралық шарт және халықаралық шарт жобаларына ұсыныс берілді, оның ішінде 25-і (6 халықаралық шарт және 19 халықаралық шарт жобасы) бойынша ұсыныстар ескерілді, бұл 54,34 % құрады.
Осы мақсатты индикаторға қол жеткізу – заң жобаларын әзірлеу кезінде мемлекеттік органдардың көп жағдайда ғылыми ұйымдардың пікірлерін ескеретіндігін көрсетеді.
2 стратегиялық бағыт. Азаматтар мен ұйымдардың құқығын іске асыруды қамтамасыз ету 4 мақсатты, соның ішінде: «Сот-сараптама қызметін халықаралық аккредитация стандарттары деңгейіне дейін жетілдіру» 2.1. мақсаты 2 нысаналы индикаторды қамтиды:1. «Сот сараптамасы органдарының өндірісіндегі материалдардың жалпы санынан орындалған сот сараптамаларының үлесі»; 2. «Біліктілікті арттыру және қайта даярлаудан өткен сот сарапшылары мен орта медициналық персоналдың олардың жалпы санынан үлесі»; «Сот актілерін орындау тиімділігін арттыру» 2.2. мақсаты 1 нысаналы индикаторды қамтиды: 1. «Аяқталған атқарушылық өндiрiстердiң жалпы санынан толық көлемде орындалған атқарушылық құжаттардың үлесі»; «Азаматтардың білікті заң көмегін және тіркеу қызметтерін алу құқығын іске асыруды қамтамасыз ету» 2.3. мақсаты 2 нысаналы индикаторды қамтиды: 1. «Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қатысатын адвокаттардың үлесі»; 2. «Ақпараттық анықтама жүйесін қолдануымен анықтама-кеңес қызметін бағалағандардан қанағаттандырылған азаматтардың үлесі»; «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және қорғауға қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету» 2.4. мақсаты 1 нысаналы индикаторды қамтиды:
1. «Шығарылған шешімдердің жалпы санынан күшіне енген және тараптар шағым бермеген апелляциялық кеңес шешімдерінің үлесі».
2 стратегиялық бағыт. «Азаматтар мен ұйымдардың құқығын іске асыруды қамтамасыз ету»
2.1. мақсат «Сот-сараптама қызметін халықаралық аккредитация стандарттары деңгейіне дейін жетілдіру»
«Сот сараптамасы органдарының өндірісіндегі материалдардың жалпы санынан орындалған сот сараптамаларының үлесі» НИ бойынша
2018 жылы сараптамаға 197 546 материал келіп түсті, оның 190 153 сараптамасы орындалды, бұл 96,25% құрады, жоспарлы мәні 94,6%.
Бұл ретте, 3014 (2017 жылы - 3854) материал орындалмай қайтарылды, оның 2673-і (2017 жылы - 3288) сот сараптамасы органдарына тәуелсіз себептермен (сараптаманы тағайындаған органның бастамасы бойынша - 637, сарапшының алдына қойылған сұрақтардың құзырет шеңберінен шығуы - 36, сараптамаға материалдардың заңнама талаптарын бұза отырып, ұсынылуы - 157, сарапшының қосымша материалдарды ұсыну туралы өтінішхаттың қанағаттандырылмауы - 1843), бұл 88% (2017 жылы - 85%) құрады.
Орындалған сот сараптамаларының үлесін арттыру және материалдарды орындаусыз қайтаруды болдырмау мақсатында құқық қорғау және арнайы органдармен, соттармен және адвокаттармен тұрақты негізде сот сараптамаларын тағайындау тәртібін түсіндіру бойынша оқу-әдістемелік жұмыс жүргізіледі (2018 жылы 323 іс-шара өткізілді (дөңгелек стол - 20, дәрістер - 216, семинарлар - 85, бейнебайланыс - 2), оның ішінде ІІО қызметкерлері үшін - 217, соттар үшін -25, прокуратура қызметкерлері үшін - 28, МКД қызметкерлері үшін - 27, адвокаттар үшін - 8, МҚІжСЖҚА қызметкерлері үшін - 17, ҰҚКД қызметкерлері үшін - 1).
Бұдан басқа, сот сараптамасы органдарының өнімділік көрсеткіштерін арттыруда олардың ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етілу рөлі аз емес. Сот сараптамасы орталығы сот-сараптамалық зерттеулердің жаңа әдістемелерін әзірлеу және қолданыстағыларын жетілдіру жолымен сараптама жүргізудің ғылыми-әдістемелік базасын нығайту бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді. 2018 жылы 16 әдістеме әзірленді (оның ішінде, сот сараптамасы бойынша – 12, сот медицинасы бойынша – 4) және сот-сараптамалық зерттеулердің 21 әдістемесі жетілдірілді (оның ішінде, сот сараптамасы бойынша – 20, сот медицинасы бойынша - 1).
Сараптама тағайындайтын органдармен бірлесіп жүргізілген жұмыстың нәтижелері, сондай-ақ сот-сараптамалық зерттеулердің жаңа әдістемелерін әзірлеу және қолданыстағыларын жетілдіру қайтарулар санының азаюына және тиісінше келіп түскен материалдардың жалпы санынан орындалған сараптамалар үлесінің артуына ықпал етті.
«Біліктілікті арттыру және қайта даярлаудан өткен сот сарапшылары мен орта медициналық персоналдың олардың жалпы санынан үлесі» НИ бойынша
2018 жылы НИ 30,08% қол жеткізілді, жоспарлы мәні 26%. Отандық және шет ел жоғары оқу орындарының базасында 1591 сот сарапшы мен орта медициналық персоналдың (оның ішінде 1139 – сот сарапшылары, 452 – орта медициналық персонал) 232 қызметкері біліктілігін арттыру және қайта даярлаудан өтті (оның ішінде, 172-сот сарапшысы, 60-орта медициналық персонал), бұл 14,58% құрады (2017 жылы-15,5%).Курстар 22 бағыт бойынша өткізілді.
2.2. Мақсат «Сот актілерін орындау тиімділігін арттыру»
«Аяқталған атқарушылық өндiрiстердiң жалпы санынан толық көлемде орындалған атқарушылық құжаттардың үлесі» НИ бойынша
2018 жылы орындаудағы 1 185 785 атқарушылық өндiрiстің жалпы санынан 814 641 толық көлемде орындалды, бұл 68,7% құрады.
НИ жоспарлы мәніне қол жеткізу үшін облыстық, және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының Әділет департаменттерімен іс-шаралар жоспарлары әзірленіп, бекітілді. Жоспарлардың болуы атқарушылық құжаттарды орындау бойынша жұмысты егжей-тегжейлі үйлестіруге, атқарушылық құжаттарды орындау және аяқтау бойынша бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Уәкілетті орган тарапынан қабылданған нақты шараларды көрсете отырып, НИ жоспарлы мәніне қол жеткізуге бағытталған бірнеше рет бейне-селекторлық кеңестер өткізілді.
2.3. Мақсат «Азаматтардың білікті заң көмегін және тіркеу қызметтерін алу құқығын іске асыруды
қамтамасыз ету»
«Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қатысатын адвокаттардың үлесі» НИ бойынша
Әділет министрлігі бірыңғай әкімшісі болып табылатын «Адвокаттармен заң көмегін көрсету» 005 бюджеттік бағдарламасы бойынша бөлінген сома 1 813 004 000 теңге құрайды.
2018 жылы адвокаттардың жалпы саны 4 978 құрады, оның ішінде 3170 адвокат мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қамтылды, бұл 63,68% құрады, жоспарлы мәні 61%.
Тегін заң көмегі 160 мыңнан астам азаматтарға көрсетілді.
Аталған индикаторға қол жеткізуге «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заң шеңберінде облыстық әділет департаменттерінің, Астана, Алматы қалалары адвокаттар алқаларымен бірлесіп атқарған жұмыстар ықпал етті.
Сонымен, аумақтық әділет органдары жыл сайын 15 желтоқсаннан кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың адвокаттар алқаларымен ұсынылған мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын адвокаттардың тізіміне сәйкес адвокаттармен келісім жасайды.
«Ақпараттық анықтама жүйесін қолдануымен анықтама-кеңес қызметін бағалағандардан қанағаттандырылған азаматтардың үлесі» НИ бойынша
Мемлекеттің құқықтық ақпараттандыру жағдайы мемлекеттегі құқықтық жүйе көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Құқықтық ақпараттандыруды көтеру, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызды өлшемі болып табылады, ол тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекеттің одан әрі дамуына ықпал етеді.
Құқықтық ақпараттық қызмет (бұдан әрі – ҚАҚ) Министрлікте 2011 жылдан бастап бірыңғай 119 нөмірімен жұмыс атқарады, оның басты міндеті халыққа құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес беру болып табылады.
ҚАҚ құрылған уақыттан бастап халыққа барлығы 993 мың кеңес көрсетілді. Оператор - консультанттар орташа есеппен күніне 500-дей кеңес көрсетеді.
Сонымен, ҚАҚ 2016 жылы 133 748, 2017 жылы 139 206, 2018 жылы 139 420 өтінішке жауап берді.
Бұл ретте, ақпараттық анықтама жүйесін қолдануымен анықтама-кеңес қызметін бағалағандардан қанағаттандырылған азаматтардың үлесі 2016 жылы - 79,06%, 2017 жылы - 94,89%, 2018 жылы - 94,79%.
2018 жыл қорытындысы бойынша ақпараттық анықтама жүйесін қолдануымен анықтама-кеңес қызметін бағалаған азаматтардың саны 31 730 құрады, оның ішінде қанағаттандырылғандар саны - 30 078 азамат, бұл 94,79% құрады (жоспар-80%).
Кеңес алушылардың қанағаттандырылу деңгейінің оң динамикасы байқалады, бұл ҚАҚ жұмысына деген сұранысты көрсетеді.
Халықтың құқықтық апараттандыру дәрежесі мен деңгейін анықтау әлі де өзекті мәселе болып келеді. Қызмет алушылардың ақпараттық анықтама жүйесін қолдану арқылы анықтама-кеңес қызметін бағалауға қатысуға қаламауы мақсатқа қол жеткізуге ықпал ететін қауіп болып табылады. Осы қауіпті жою үшін іс-шара ретінде көрсетілген анықтама-кеңес беруді бағалау механизмін оңайлату бойынша шаралар белгіленді.
Осыған байланысты, Республикалық құқықтық ақпарат орталығымен абоненттерге сұхбаттасу барысында оператор – консультантқа көрсеткен қызметі үшін, оны бағалауын айту мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Одан әрі, айтылған баға ақпараттық жүйеде Республикалық құқықтық ақпарат орталығы басшылығымен қойылады. Осыған орай, қызмет алушы бағаны тондық режімде коюдың орнына тек дауыстап айтуы жеткілікті болады, бұл бағалауды жеңілдетеді.
2.4. мақсат «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және қорғауға қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету»
«Шығарылған шешімдердің жалпы санынан күшіне енген және тараптар шағым бермеген апелляциялық кеңес шешімдерінің үлесі» НИ бойынша
2018 жылы НИ 92% жоспарлы мәнімен 97,64% қол жеткізді
2018 жылы Апелляциялық кеңес алқасымен (бұдан әрі - алқа) 19 отырыс өткізілді (2017 жылы - 23), 155 қарсылық қаралды (2017 жылы - 221). 85 шешім қабылданды (2017 жылы -134), оның ішінде 32-сі қанағаттандырылды (2017 жылы – 90), 44-нен қанағаттандырудан бас тартылды (2017 жылы – 36), 9-ы жартылай қанағаттандырылды (2017 жылы -8). Алқаның 12 шешіміне сотқа шағым берілді (2017 жылы - 11), бұл шығарылған шешімдердің жалпы санының 14% - ын құрайды.
Осылайша, алқаның шығарылған шешімдерінің 86% сот органдарында одан әрі шағымдалмай сотқа дейінгі қарау сатысында шешілді. Бұл деректер патенттік ведомство сарапшыларының объективтілігін және тараптардың алқаның қабылдаған шешімдеріне қанағаттануын көрсетеді.
Бұл ретте, сот тәжірибесінде зияткерлік меншік саласындағы істерді қарауға біркелкі тәсілдің жоқтығын атап өту қажет, себебі судьялар көп жағдайда ұқсас даулар бойынша көрші мемлекеттердің шешімдерін назарға алады немесе тараптар ұсынған бір жақты тәртіппен орындалған сараптамалық қорытындылар «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК-ның сараптамалық қорытындыларына сәйкес келмейді.
Аталғандар зияткерлік меншік саласында судьяларды жүйелі түрде оқыту және олардың біліктілігін арттыру қажеттілігін көрсетеді.
Казақстан Республикасының
Әділет министрі М. Бекетаев