Лицензияның қолданысын
тоқтата тұру туралы
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2009 жылдың
03 қарашасында Мариям Нурумовна Кабденоваға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0003373 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2021 жылдың 17 желтоқсанына дейін тоқтатыла тұрсын.
- Алматы қаласы Әділет департаменті осы бұйрықты
М.Н. Кабденованың, Алматы қалалық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Алматы қалалық адвокаттар алқасының 2021 жылдың 24 маусымындағы №1-286 өтініш хаты, адвокат М.Н. Кабденованың өтініші.
Вице-министр А. Әмірғалиев