Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 593 от 12.07.2021

 

 

 

QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY

ÁDILET MINISTRLIGI 

 

 

 

МИНИСТЕРСТВО ЮСТИЦИИ

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

______________________________________________________________________________________

БҰЙРЫҚ                                                                                      ПРИКАЗ

 

__________                                                                                            __________

Нұр-Сұлтан қ-сы                                                                                                                                          г. Нур-Султан

 

Лицензияның қолданысын

тоқтата тұру туралы

 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Динара Даулетбековна Даулетбековаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2016 жылғы 29 ақпанда берілген № 16003940 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2022 жылғы 9 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын.
  2. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Д.Д. Даулетбекованың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Д.Д. Даулетбекованың мұрағаттық және іс жүргізуінде жатқан құжаттарын жекеше нотариаттық мұрағатқа және басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қолдансын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі: Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінің 09.07.2021 ж.
№ 2-06/16588 ұсынысы және Д.Д. Даулетбекованың 09.07.2021 ж. арызы.

 

 

Вице-министр                                                                                А. Әмірғалиев

Дата публикации
14 июля 2021