Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

 

ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ

 

 

МИНИСТЕРСТВО ЮСТИЦИИ

 

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

______________________________________________________________________________________

 

БҰЙРЫҚ                                                                                      ПРИКАЗ

 

__________                                                                                            __________

Нұр-Сұлтан қ-сы                                                                                                                                          г. Нур-Султан

 

Лицензияның қолданысын

тоқтата тұру туралы

 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-тармағының 5)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетімен Мадина Шайкбекқызы Сәрсенбаеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2014 жылғы 6 қазанда берілген
    № 14014949 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.
  2. Шымкент қаласының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус М.Ш. Сәрсенбаеваның назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус М.Ш. Сәрсенбаеваның мұрағаттық және іс жүргізуінде жатқан құжаттарын жекеше нотариаттық мұрағатқа және басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қолдансын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі: Шымкент қаласы Әділет департаментінің 02.06.2021 ж. № 02-18-06/8126 ұсынысы және Шымкент қласы Әл-Фараби аудандық сотының 18.03.2021 ж. жеке ұйғарымы.

 

 

Дата публикации
14 июля 2021