ҚР Әділетт министрлігінің 2021 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы анықтамасы

ҚР Әділетт министрлігінің

2021 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы анықтамасы

 

2021 жылға арналған республикалық бюджетпен Әділет министрлігіне 9 бюджеттік бағдарламаны іске асыруға 47,5 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығына 24,9 млрд. теңге көзделген.

1 жартыжылдық  қорытындысы бойынша 24,8 млрд.теңге немесе 99,6% игерілді.

109,2 млн. теңге игерілмеген, оның ішінде жасалған келісімшарттар бойынша мемлекет мүдделерін қорғауға және білдіруге арналған шығыстар бойынша бағамдық айырманың қалыптасуына байланысты (80,1 млн.теңге), жалақы және одан аударымдар, еңбек демалысына берілетін жәрдемақы (демалыс кестесінің өзгеруіне байланысты), еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары бойынша төлемдер және басқа (27,6 млн. теңге) шығыстар үнемделді.

 

2021 жылдың 1-ші жартыжылдығы бойынша бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) орындалуы туралы ақпарат
Дата публикации
13 июля 2021