Лицензияның қолданысын тоқтату туралы

Лицензияның қолданысын

тоқтату туралы

 

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Адвокаттық қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 1999 жылдың 27 мамырында Мухамедкали Раимбекович Макеновке адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0001592 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
  2. Павлодар облысы Әділет Департаменті:

         1) Р.М. Макеновтың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Павлодар облысы адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

          2) Р.М. Макеновтың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген  лицензиясы қайтарып алынсын.    

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

          1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

          2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

 

Негізі: Павлодар облысы Әділет департаментінің 27.05.2021 ж. № -6/2663-И ұсынысы, 01.02.2021 жылғы Павлодар  қалалық № 2 сотының үкімі.

 

 

Вице-министр                                                                        А. Әмірғалиев

Дата публикации
12 июля 2021