Халықаралық ынтымақтастық

 

 

Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясы (бұдан әрі-Ұйым) 1893 жылы құрылған.

Ұйымның мақсаты халықаралық жеке құқық нормаларын біріздендіру болып табылады.

2017 жылғы 16 мамырда Мемлекет басшысы «Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының Жарғысын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

2017 жылғы 14 маусымда Ұйымға ресми түрде кіру рәсімі өтті. Осылайша, Қазақстан Ұйымның 83 қатысушысы болды.

Ұйымға кіру жалпы қабылданған халықаралық стандарттар негізінде Қазақстанның құқықтық жүйесін одан әрі дамытуға, Қазақстанның Ұйымның басқа қатысушыларымен ынтымақтастығын орнатуға, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Ұйымның 41 Конвенциясының 9-ның қатысушысы болып табылады, атап айтқанда,  Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарының күшін жою, балаларды қорғау және халықаралық бала асырап алу саласындағы ынтымақтастық, балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері, азаматтық процесс, сот төрелігіне халықаралық қол жеткізу, азаматтық немесе сауда істері жөніндегі сот және соттан тыс құжаттарды шетелде тапсыру, азаматтық және сауда істері жөніндегі дәлелдемелерді шетелде алу, балаларға алименттерді және отбасын күтіп-бағудың басқа да нысандарын өндіріп алудың халықаралық тәртібі мәселелеріне қатысты. 

Бүгін шетелде біздің азаматтарымыздың құқықтарын тиімді құқықтық қорғауды және олардың мүдделерін қамтамасыз ету үшін Ұйымның екі Конвенциясына, Соттарды жөніндегі туралы келісімдер туралы конвенцияға және Өсиеттік өкімдер нысандарына қатысты заңдардың қайшылығы туралы конвенцияға қосылу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Сонымен қатар, Департамент құзыреті шегінде халықаралық шарттардың тізбесін қосымшаға сәйкес жолдаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы Конвенция (1993 жылғы 31 наурыз) (http://adilet.zan.kz/rus/docs/B930005100_)
  2. Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы Конвенция (2004 жылғы 10 наурыз) (http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z040000531_)
  3. Шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты дауларды шешу тәртібі туралы Келісім (1992 жылғы 20 наурыз) (http://adilet.zan.kz/rus/docs/B920005800_)
  4. Достыққа қатысушы мемлекеттердің аумақтарында төрелік, шаруашылық және экономикалық соттардың шешімдерін өзара атқарудың тәртібі туралы Келісім (1998 жылғы 6 наурыз) (https://online.zakon.kz/m/document/?doc_id=1013952)
  5. Қазақстан Республикасының Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын Конвенция (1999 жылғы 30 желтоқсан) (http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z990000011_)
  6. Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы Конвенция (2010 жылғы 12 наурыз) (http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z100000253_)
  7. Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы Конвенция (2012 жылғы 13 қараша) (http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1200000048)
  8. Азаматтық іс жүргізу мәселелері жөніндегі Конвенция (2014 жылғы 14 қараша) (http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1400000252)
  9. Сот төрелігіне халықаралық қол жеткізу туралы Конвенция (2014 жылғы 9 желтоқсан) ( http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1400000262)
  10. Азаматтық немесе сауда істері бойынша сот құжаттары мен соттан тыс құжаттарды шетелде тапсыру туралы Конвенция (2015 жылғы 22 шілде) (http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1500000338)
  11. Азаматтық немесе сауда істері бойынша шетелде дәлелдемелерді алу туралы Конвенция (2016 жылғы 6 сәуір) (http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1600000485)
  12. Балаларға алименттерді және отбасын күтіп-бағудың басқа да нысандарын өндіріп алудың халықаралық тәртібі туралы Конвенция (2016 жылғы 9 сәуір) (http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1600000492)
  13. Біріккен Ұлттар Ұйымының медиация нәтижесінде қол жеткізілген халықаралық татуласу келісімдері туралы Конвенция (2019 жылғы 2 тамыз) (https://adilet.zan.kz/rus/docs/U1900000085)
  14. Қазақстан Республикасы мен Монғолия арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі өзара көмек туралы Келісім (1994 жылғы 22 маусым) (http://adilet.zan.kz/rus/docs/B940002300_)
  15. Азаматтық және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы Қазақстан Республикасы мен Грузия арасындағы Келісім  (2006 жылғы 14 қаңтар) (http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z060000119_)
  16. Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы Азаматтық және коммерциялық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы Келісімді (2010 жылғы 15 шілде) (http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z100000336_)
  17. Қазақстан Республикасы мен Үндістан Республикасы арасындағы Азаматтық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы Келісім (2012 жылғы 8 сәуір) (http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1200000007)
  18. Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы Келісім (2014 жылғы 9 сәуір) (http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1400000186)
  19. Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы Келісім (2020 жылғы 30 маусым) (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2000000353#z7)
  20. 1993 жылғы 22 қазандағы Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі өзара көмек туралы Шартқа өзгерістер енгізу туралы Хаттама (2019 жылғы 10 қазан) (https://adilet.zan.kz/rus/docs/U1900000186)
  21. «1994 жылғы 9 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасының арасындағы азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы» (Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығы 2020 жылғы 17 қараша) (https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2000000767)
  22. «1996 жылғы 26 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы азаматтық және қылмыстық iстер жөніндегі өзара құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Хаттамаға қол қою туралы (Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі Жарлығы) (https://adilet.zan.kz/rus/docs/U2000000313)
  23. 1993 жылғы 22 қазандағы Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі өзара көмек туралы Шартқа өзгерістер енгізу туралы Хаттама (2021 жылғы 12 наурыз) https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2100000016)
  24. Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Азаматтық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы Келісім (1995 жылғы 30 мамыр) (http://adilet.zan.kz/rus/docs/U950002309_)
  25. Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы азаматтық iстер жөнiндегi құқықтық көмек туралы Келісім (1997 жылғы 31 қазан) (http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z970000180_)
  26. Қазақстан Республикасы мен Үндістан Республикасы арасындағы Азаматтық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы Келісім (2012 жылғы 8 сәуір) (http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1200000007)
  27. Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы азаматтық және отбасылық істер жөніндегі құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы Келісім (1998 жылғы 10 желтоқсан) (http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z980000311_)
  28. Қазақстан Республикасы мен Пәкстан Ислам Республикасы арасындағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы Келісім (1998 жылғы 9 қараша) (http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z980000293_)
  29. Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер жөнiндегi құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы Келісім (1998 жылғы 8 мамыр) (http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z980000229_)
  30. Қазақстан Республикасы мен Корей Халық-Демократиялық Республикасы арасындағы Азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі өзара құқықтық көмек туралы Келісім (1998 жылғы 9 қараша) (http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z980000291_)
  31. Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасының арасындағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы шартты және Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасының арасындағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы Келісім (1998 жылғы 9 қараша) (http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z980000292_)
  32. Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы азаматтық істер жөніндегі құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы Келісім (1999 жылғы 20 мамыр) (http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z990000387_)
  33. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мен Беларусь Республикасының Әдiлет министрлiгi арасындағы Келісім (1999 жылғы 3 маусым) (Https://Normativka.By/Lib/Document/500126188)
  34. Қырғыз Республикасының Әділет министрлігі мен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы Келісім (1996 жылғы 26 шілде) (Https://Online.Zakon.Kz/M/Document/?Doc_Id=30247118)
  35. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және Украина Әділет министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы Келісім (1997 жылғы 14 қазан) (https://Online.Zakon.Kz/M/Document/?Doc_Id=30021565)
  36. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Әзірбайжан Республикасының Әділет министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы Келісім (1997 жылғы 10 маусым) (Http://Adilet.Zan.Kz/Rus/Docs/Z990000387_)
  37. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Ресей Федерациясының Әділет министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы Келісім (1998 жылғы 12 қазан) (Http://Base.Spinform.Ru/Show_Doc.Fwx?Rgn=28905)
  38. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Беларусь Республикасының Әділет министрлігі арасындағы сот сараптамасы саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім (2000 жылғы 3 маусым) (http://Adilet.Zan.Kz/Rus/Docs/P000001122_)
  39. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Армения Республикасының Әділет министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы Келісім (2001 жылғы 23 мамыр) (Http://Adilet.Zan.Kz/Rus/Docs/O0100000003)
  40. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Грузияның Әділет министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы Келісім (1998 жылғы 22 қазан) (Http://Continent-Online.Com/Document/?Doc_Id=31308008)
  41. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Болгария Республикасының Әділет министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум ( 2003 жылғы 25 Қыркүйек) (Http://Adilet.Zan.Kz/Rus/Docs/O0300000002)
  42. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Әділет министрлігі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы Меморандум (2011 жылғы 31 қазан) (https://online.zakon.kz/m/Document/?doc_id=31309742)
  43. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Босния және Герцеговина Әділет министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум (2016 жылғы 8 маусым) (http://adilet.zan.kz/rus/docs/O1600000002)
  44. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Хорватия Республикасының Әділет министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум (2018 жылғы 15 қазан) (http://adilet.libgateway.psu.kz/rus/docs/O0100000011/links)
  45. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Әділет министрлігі арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандум (2018 жылғы 17 мамыр)
  46. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Корея Республикасының Әділет министрлігі арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандум (2019 жылғы 22 сәуір) (https://adilet.zan.kz/rus/docs/O1900000002)

 

Дата публикации
09 июля 2021