Лицензияның қолданысын
қайта жалғастыру туралы
Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 45-бабының 3-тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2013 жылдың 28 желтоқсанында Тлеужан Жұмабекұлы Кішкенебаевтың атына адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген №13020477 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта жалғастырылсын.
- Алматы қаласының Әділет департаменті осы бұйрық туралы
Т.Ж. Кішкенебаевты, Алматы қалалық адвокаттар алқасын, құқық қорғау органдарының орталық аппараттарын және соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органнын хабардар ету бойынша бойынша шаралар қабылдасын.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) адвокаттық қызметпен айналысу берілген Лицензиялардың мемлекеттік тiзiлiмiне тиісті жазба енгізілсін.
- Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А. Тленчиевке жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі: Адвокат Т.Ж. Кішкенебаевтың 2021 жылдың 23 маусымындағы өтініші.
Вице-министр А. Әмірғалиев