ҚР Әділет министрінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 789 бұйрығымен бекітілген Басқарманың 2021 жылға арналған Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес бірінші жартыжылдықта Қостанай облысының Әділет департаментінде және Павлодар облысының Әділет департаментінде ішкі мемлекеттік аудит жүргізілді. Аудиторлық іс-шаралармен қамтылған қаражаттың жалпы көлемі 3 416 293,4 мың теңгені құрады.
Аудит нәтижелері бойынша 108 384,9 мың теңге жалпы сомасына бұзушылықтар анықталды, соның ішінде өтелуге жататын сома 1317,8 мың теңгені және қалпына келтірілуге жататын 44,8 мың теңгені құрады. Оның ішінде Қостанай облысының Әділет департаменті бойынша 97,6 мың теңге сома толық көлемде өтелді және қалпына келтірілді, Павлодар облысының Әділет департаменті бойынша 1922,0 мың теңге, орындалу мерзімі – а.ж. 3 тоқсаны.
Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша аудит объектілеріне ішкі аудит нәтижелері туралы есептер және бөлінген мемлекеттік бюджеттік қаражаттар және активтерді басқару және қолданудың тиімділігін арттыруға арналған тұжырымдар мен ұсынымдардан құралған шешімдер жолданды.
Мемлекеттік органның ішкі процестері, сонымен қатар Басқарма қызметінің жетілдірілуіне бағытталған жұмыс жалғасатын болады.