Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы

 

QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY

ÁDILET MINISTRLIGI 

 

 

МИНИСТЕРСТВО ЮСТИЦИИ

 

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

BUIRYQ

 

 

 

ПРИКАЗ

 

____________________________________________

                                       Nur-Sultan qalasy

 

 

 

№______________________________________________

                                     город Нур-Султан

 

 

 

Қазақстан Республикасы Әділет

министрлігінің 2020-2024 жылдарға

арналған даму жоспарын бекіту туралы

 

«2021–2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 24 мамырдағы  №44-VII Заңына сәйкес, сондай-ақ «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған даму жоспары бекітілсін.
  2. Құрылымдық бөлімшелердің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың және аумақтық әділет органдарының басшылары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған даму жоспарының мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізуді қамтамасыз етсін.
  3. Стратегиялық жоспарлау департаменті осы бұйрық қабылданғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
  4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.
  5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

        

         Министр                                                                                 М. Бекетаев

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

_____________ Ә. Ерғалиев

2021 жылғы «___»_________

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

______________Е.Жамаубаев  

2021 жылғы «___»___________

 

приказ
Дата публикации
02 июля 2021