Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, олардың филиалдары мен өкiлдiктерін есептiк тiркеуді, орталық мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволарының, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, әкімдердің және тексеру комиссияларының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк есепке алуды қамтамасыз ету;»;
16-тармақта:
15-1) тармақша алып тасталсын;
41) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«41) әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілерді шығаруды, мемлекеттік тіркеуді және олардың күшін жоюды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау саласында орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарында, мәслихаттар мен олардың аппараттарында, әкімдіктерде, әкімдердің аппараттарында, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларында бақылау жасау;»;
56) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«56) Министрліктің даму жоспарын әзірлеу және бекіту;».
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин