Лицензиядан айыру туралы

Лицензиядан айыру туралы

 

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына және 5-тармаққа сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Сайдахмет Даутович Ибрагимовке Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2002 жылғы 14 ақпанда № 0003509 адвокаттық қызметпен айналысуға берілген мемлекеттік лицензиясынан айырсын.
  2. Алматы қаласының Әділет департаменті:

         1) С.Д.Ибрагимовтің адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясынан айырған туралы Алматы қалалық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

          2) С.Д.Ибрагимовтің адвокаттық қызметпен айналысуға берілген  лицензиясы қайтарып алынсын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

          1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

          2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

 

Негізі:Алматы қаласы Алатау аудандық сотының 16.02.2021 ж. шешімі  (25.03.2021 ж. күшіне енді).

 

 

Вице-министр                                                                                 А. Әмірғалиев

 

Дата публикации
29 июня 2021