«Адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1462 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

         Нұр-Сұлтан қаласы                                      город Нур-Султан

 

 

«Адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу

және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге,

сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды

өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1462

бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1462 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17561 болып тіркелген, 2018 жылғы 18 қазанда Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінің ақпараттық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Осы Қағиданың 2-қосымшасына жалғанған нысан бойынша адвокаттың бюджеттік қаражат есебінен адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу туралы өтінішінің негізінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы келісімге заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы отырған адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеуді аумақтық әділет органдары жүргізеді.»;

2) 4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Адвокат бюджеттік қаражат есебінен адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу туралы өтініші заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесінде 2-қосымшаға жалғанған нысанға сәйкес келесі құжаттарды қоса берумен жасайды:»;

3) 4-тармақтың 3, 4)-тармақшаларында:

«адвокат мүшесі болып табылатын тиісті Адвокаттар алқасының толық атауы мен банктік реквизиттері көрсетіледі» деген сөздер «адвокаттың аты, жөні (болған жағдайда), тегі және оның банктік шотының реквизиттері көрсетіледі» деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы қағиданың 2-тармағында көрсетілген жағдайларда адвокаттың бюджеттік қаражат есебінен төлеуге жататын нақты іс бойынша қатысу сомасын адвокат уақытты ескерумен есептейді:»

5) 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі өндіріс сатысында қорғау және өкілдік етуге байланысты адвокаттың шығыстарын өтеу және заң көмегін төлеу туралы қаулы адвокаттың өтініші негізінде үш жұмыс күн ішінде шығарылады және оған қаулының шығарылуымен бір уақытта тапсырылады не қағаз жеткізгіште не заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында жолданады, ал тапсырманың орындалуы бір айдан астам уақытқа созылған жағдайда әр айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірілмей тапсырылады.

Әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғаны қорғаумен байланысты адвокаттың шығыстарын өтеу және заң көмегін төлеу туралы қаулы адвокаттың өтініші негізінде үш жұмыс күн ішінде шығарылады және оған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының шығарылуымен бір уақытта тапсырылады не жазбаша нысанда немесе заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында жолданады. Бұл қаулы адвокаттың арызы бойынша өкім жарияланғаннан кейін де қабылдануы мүмкін.

Сот қарастырған қылмыстық іс бойынша қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу және сотталушыға, сотталғанға, ақталушыға немесе жәбірленушіге заң көмегін көрсету бойынша ақы төлеу туралы қаулы адвокаттың өтініші негізінде шығарылады және оған сот үкімін немесе басқа да сот актісі шығарған күні тапсырылады не қағаз жеткізгіште не заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында жолданады. Айрықша жағдайларда сот талқылауларының үздіксіз бір айдан аса созылуы кезінде сот қаулысы ай сайын шығарылады.

Азаматтық іс бойынша заң көмегін көрсету және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы ұйғарым адвокаттың өтініші негізінде үш жұмыс күн ішінде шығарылады және оған шығарылған күні тапсырылады не жазбаша нысанда немесе заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында жолданады.

Нақты іс бойынша қаулының не ұйғарымның бір данасы тиісті істің материалдарына тіркеледі, екінші данасы шығарылған күні адвокатқа беріледі не жазбаша нысанда немесе заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында жолданады.

Қорғау және өкілдік етуге байланысты көрсетілген заң көмегіне ақы төлеу және шығындарды өтеу туралы өтініште адвокат нақты іс бойынша заң көмегін көрсетуге кеткен уақытының және іссапарға кеткен шығыстарының нақты есебін көрсетеді. Өтініште көрсетілген мәліметтердің дұрыс көрсетілмегені үшін адвокат Заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.»;

6) 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Адвокат өтінішін жасау және тексеру нәтижесі бойынша аумақтық әділет органдарына осы Қағидалардың 4-тармағы 1)-4) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілетін өтінішін заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы жолдайды.»;

7) 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Аумақтық әділет органы адвокаттың өтінішінің адвокаттардың құқықтық консультация беру бойынша орындаған жұмыстары туралы акттерде, қаулылар мен ұйғарымдарында көрсетілген деректердің сәйкестігін тексеру нәтижесі бойынша, адвокаттың заң көмегінің түрлері бойынша бөлінген жұмысын, төленетін соманы көрсете отырып ай сайын еркін нысанда салыстыру актісін заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесінде жасайды және адвокаттың банктік шотына адвокаттың заң көмегінің түрлері және қылмыстық құқық бұзушылықтардың санаты бойынша бөлінген адвокатқа төленуге жататын соманы есептік кезеңнен кейінгі айдың 15 жұлдызынан кешіктірмей, ал желтоқсан айы үшін – есептік айдың 20 жұлдызынан кешіктірмей аударады.

Осы Қағиданың 4-тармағының 3) және 4)-тармақшаларында көзделген талаптарға аталған қаулылар мен ұйғарымдардағы мәліметтер сәйкес келмеу дәйектері анықталған жағдайда, аумақтық әділет органы оларды арифметикалық және басқа да қателерді түзету үшін Адвокаттар алқасына қайтарады.»

8) 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Адвокаттар ағымдағы жылғы 20-желтоқсанынан кейін заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесінде ұсынған өтініштері бойынша адвокаттарға төленуге жататын қаржыны қаржыландыру келесі жылы бөлінетін республикалық бюджет есебінен төленуге жатады.»;

9) Қағиданың 1-қосымшасы алып тасталсын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
  3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

Дата публикации
28 июня 2021