Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

Лицензияның қолданысын

тоқтата тұру туралы

 

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2019 жылғы 22 тамызда Серик Калжановқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген №19017538 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2023 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын.
  2. Алматы облысының Әділет департаменті осы бұйрықты
    С.Калжановқа, Алматы облысы адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
  3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін және лицензиялауды ұйымдастыру басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі: адвокат С.Калжановтың 2021 жылғы 17 мамырындағы өтініші және
Алматы облыстық адвокаттар алқасының 2021 жылғы 07 маусымындағы № 01-152-21 өтінішхаты.

 

 

Вице-министр                                                                               А. Әмірғалиев

Дата публикации
25 июня 2021