«Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы адвокатпен көрсетілетін есеп нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 1457 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы адвокатпен көрсетілетін есеп нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 1457 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

       БҰЙЫРАМЫН:

  1.   «Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы адвокатпен көрсетілетін есеп нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 1457 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17603 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Адвокаттың мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуі туралы есебі нысаны қосымшасына:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Нысанды мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін адвокат заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы ай сайын жасайды.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Нысанға адвокат заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында қол кояды.»;

Адвокаттардың мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуі туралы жиынтақ есебі нысаны қосымшасына:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Нысан мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы адвокаттар есебінің негізінде заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы толтырылады.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Нысанға адвокаттар алқасының төрағасы заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында қол қояды.».

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы  Әділет вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

 

Келісілді

 

«        » ______________2021 ж.

 

Қазақстан  Республикасының

Стратегиялық жоспарлау және реформалар

агенттігі Ұлттық статистика бюросы

Дата публикации
21 июня 2021