Жоба
«Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидасын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі №5 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
9 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«9. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының лицензия беруге арналған құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Жеке басты куәландыратын құжат туралы, адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы, ақы төленгені туралы, психиатриялық және наркологиялық диспансерлерден анықтамалардың болуы туралы, лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған немесе осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер болмаған жағдайда, жауапты қызметкер осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағының талаптарына сәйкес еместігі және мемлекеттік қызметті көрсету тоқтатыла тұрған кезеңінде оларды сәйкес келтіру мерзімдерітуралы хабарламаны жібереді.
Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкес келтіру мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауабы теріс болған не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші лицензияны немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.
Егер хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағына сәйкес келтірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» дәлелді бас тартуды жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы сот-сараптама қызметімен айналысуға лицензия алу үшін құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, жауапты орындаушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды және лицензия беруге бұйрықты не дәлелді бас тартуды (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі) дайындайды және уәкілетті тұлғаға қол қоюға жібереді.»;
мынадай редакциямен 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының лицензияны қайта ресімдеуге құжаттарын алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Жеке басты куәландыратын құжат туралы, адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы, ақы төленгені туралы, психиатриялық және наркологиялық диспансерлерден анықтамалардың болуы туралы, лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған немесе осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер болмаған жағдайда, жауапты қызметкер осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасы сәйкес келмейтін талаптарды және оны сәйкес келтіру мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету тоқтатыла тұратын кезеңге хабарламаны жібереді.
Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкес келтіру мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.
Өтінішті одан әрі қарау үшін негіз болған мән-жайлар көрсетілген мерзімде жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қайта ресімдеу үшін құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін немесе дәлелді бас тартуды дайындайды және «көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне» жібереді.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі www.adilet.gov.kz.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес қаралуға жатады.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылып отырады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).»;
16 тармақмынадай редакцияда жазылсын:
«16. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағыммен жүгіне алады.»;
1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2-1-қосымшамен толықтырылсын.
|
Лауазымы |
|
ТАӘ |