«Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 27 мамырдағы №58 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 27 мамырдағы №58 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 27 мамырдағы №58 бұйрығына(Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде №20740 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

 21-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«21. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты шешімі, іс-әрекеті (әрекетсіздігі) туралы шағым, көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.

Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне)  шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.».

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Дата публикации
16 июня 2021