Лицензияның қолданысын
қайта жалғастыру туралы
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 5-тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2012 жылдың 29 ақпанында Динара Ғабдұллқызы Садудың атына адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 12000652 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта жалғастырылсын.
- Ақмола облысының Әділет департаменті осы бұйрық туралы
Д.Ғ. Садудың, Ақмола облысының адвокаттар алқасын, құқық қорғау органдарының орталық аппараттарын және соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органнын хабардар ету бойынша бойынша шаралар қабылдасын.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) адвокаттық қызметпен айналысу берілген Лицензиялардың мемлекеттік тiзiлiмiне тиісті жазба енгізілсін.
- Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А. Тленчиевке жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі: Ақмола облысы Әділет департаментінің 2021 жылдың 07 маусымындағы №07-18/3877 ұсынысы, 2021 жылдың 6 мамырындағы адвокат Д.Ғ. Садудың өтініші.
Вице-министр А. Әмірғалиев