Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

 

Лицензияның қолданысын

тоқтата тұру туралы

 

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2004 жылдың
    28 қазанында Амангельды Аралбайұлы Елжасовқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген №0005933 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрсын.
  2. Ақмола облысының Әділет департаменті осы бұйрықты
    А.А. Елжасовтың, Ақмола облысы адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
  3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі: Ақмола облысы Әділет департаментінің 2021ж. 07 маусымындағы №07-18/4020 ұсынысы және 2021ж. 17 наурызындағы А.А. Елжасовтың өтініші.

 

 

Вице-министр                                                                           А. Әмірғалиев

 

Дата публикации
16 июня 2021