Адам құқықтары саласындағы
бірінші кезектегі шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қоса беріліп отырған Адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
- Орталық мемлекеттік органдар және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдары, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), сондай-ақ Жоспардың орындалуы үшін жауапты басқа да ұйымдар:
1) Жоспарды іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын;
2) жартыжылдық негізде 1 шілдеге және 20 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін;
3) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жартыжылдық негізде 15 шілдеге және 5 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жыл сайын, 25 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жоспардың іске асырылу қорытындылары туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин