Лицензияның қолданысын
қайта жалғастыру туралы
Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 3-тармағы 1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 1999 жылдың 17 наурызында Владимир Константинович Золотовтың атына адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген №0001573 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта жалғастырылсын.
- Павлодар облысының Әділет департаменті осы бұйрық туралы
В.К. Золотовты, Павлодар облыстық адвокаттар алқасын, құқық қорғау органдарының орталық аппараттарын және соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органнын хабардар ету бойынша бойынша шаралар қабылдасын.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) адвокаттық қызметпен айналысу берілген Лицензиялардың мемлекеттік тiзiлiмiне тиісті жазба енгізілсін.
- Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А. Тленчиевке жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі: Павлодар облыстық сотының 2019 жылдың 14 ақпанындағы ұйғарымы, Павлодар облысы Әділет департаментінің 2021жылдың 01 маусымындағы №-6/2728-И хаты, В.К. Золотовтың өтініші.
Вице-министр А. Әмірғалиев