Лицензияның қолданысын тоқтату туралы

Лицензияның қолданысын

тоқтату туралы

 

Қазақстан Республикасы «Нотариат туралы» Заңының 12-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2002 жылғы
    13 ақпанда Клара Жилкибаевна Беркимбаеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0000979 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
  2. Алматы облысы Әділет Департаменті:

         1) К.Ж. Беркимбаеваға нотариаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Алматы облысы нотариаттық палатасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

          2) К.Ж. Беркимбаеваға нотариаттық қызметпен айналысуға берілген  лицензиясы қайтарып алынсын.   

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

          1) нотариаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

          2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

 

Негізі: Алматы облысы Әділет департаментінің 2021ж. 01.06 шығ.№06-20/788-И ұсынысы және 2020ж. 23.06. № 20-555-20-0000773 қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі.

 

 

Вице-министр                                                                                А. Әмірғалиев

Дата публикации
09 июня 2021