«Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №112 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №112 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 10764 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидаларында:

14-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«14. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, анық емес мәліметтер болған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қандай талаптарға сәйкес келмейтінін және мемлекеттік қызметті көрсету тоқтатыла тұрған кезеңге сәйкес келтіру мерзімін көрсете отырып, хабарлама жібереді.

Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкес келтіру мерзімі екі жұмыс күнін құрайды.

Егер хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы оны талаптарға сәйкес келтірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан бас тартуды жібереді.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту, тіркеуші органның басшысы немесе оның міндеттерін атқаратын тұлғаның қолы қойылған, бас тартудың негізі көрсетілген жеке хатпен ресімделеді.»;

17-1 тармағы мындай редакцияда толықтырылсын:

«17-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші рұқсат немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.»;

142 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«142. Азаматтық хал актілері жазбаларының электрондық нұсқасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттері шегінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының (ақпараттық жүйелері АХАЖ АЖ-мен ықпалдастырылған мемлекеттік органдарды қоспағанда), адвокатура органдарының, нотариустардың (АХАЖ АЖ-да азаматтық хал актілері жазбалары болмаған кезде) сұрау салулары бойынша, сондай-ақ басқа мемлекеттердің АХАТ органдарының (қызметтерінің) сұрау салулары бойынша ғана беріледі (жіберіледі).

Сұраныста қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес дербес деректерді жинау және өңдеу мақсатын көрсету қажет.»;

167 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«167. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.».

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрі                                                                                     М. Бекетаев

Дата публикации
09 июня 2021