Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

Лицензияның қолданысын

тоқтата тұру туралы

 

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2007 жылдың
    11 мамырында Ауизбай Айдарқанұлы Амреновқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0001181 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2024 жылдың 1 сәуіріне дейін тоқтатыла тұрсын.
  2. Ақмола облысының Әділет департаменті осы бұйрықты
    А.А. Амреновтың, Ақмола облысы адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
  3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі: Ақмола облысы Әділет департаментінің 2021 жылдың 04 маусымындағы №07-19/4069 ұсынысы және Ақмола облыстық адвокаттар алқасының 2021 жылдың             31 наурызындағы  № 87 өтінішхаты.

 

 

Вице-министр                                                                           А. Әмірғалиев

 

 

Дата публикации
09 июня 2021