|
QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY
ÁDILET MINISTRLIGI
|
|
МИНИСТЕРСТВО ЮСТИЦИИ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
|
|
______________________________________________________________________________________
|
|
BUIRYQ
|
|
ПРИКАЗ
|
|
____________________________________________
Nur-Sultanqalasy
|
|
№______________________________________________
город Нур-Султан
|
Лицензияның қолданысын
тоқтата тұру туралы
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 143-бабы 2-тармағы 2) тармақшасына, Заңның 167-бабы 8) тармақшасына, сондай – ақ «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 21-1 бабы 2) тармақшасына және 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. № 97 бұйрығымен бекітілген Іс қағаздарды жүргізу қағидасының 34-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Заңның 148-бабы 1 тармақтын 2), 3), 5) тармақшаларын бұзғаны үшін Еркин Калкабекович Жумабаевқажеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға берілген мемлекеттік лицензиясының қолданысы 6 ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.
- Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы:
1) осы бұйрықпен лицензиат таныстырылсын;
2) лицензия қолданысының тоқтата тұру мерзімі шегінде лицензияттың мөрі аумақтық әділет органдарына уақытша сақтауға алынсын;
3) бұйрықпен таныстырған уақыттан бастап үш жұмыс күні ішінде жеке сот орындаушысының орындауындағы атқарушылық іс жүргізулер қабылдау-тапсыру актісі арқылы қабылдансын.
- Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы жеке сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі есептік жазбасын уақытша бұғаттау бойынша шаралар қабылдасын.
- Әділет департаменті жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру шаралар қабылдасын және осы бұйрықтың 2-тармағының орындалуына бақылауды жүзеге асырсын.
- Сот актілерін орындау департаменті мемлекеттік лицензия тізіліміне көрсетілген жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
- Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау департаментіне жүктелсін (Ж.М. Бигалиева).
- Осы бұйрық қол қойылған кезден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Әділет вице-министрі А. Мадалиев