Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

                                      

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 1579 Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және "авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-2-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

         1) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын өтініштің нысанын және құжаттар тізбесін бекіту туралы» (2009 жылғы 27 тамыздағы № 115) бұйрығына келесі толықтыруларды еңгізу:

          1-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 

2) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің «Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және олардың өзгерістерін енгізу қағидаларын және оған мәліметтер мен олардың өзгерістерін енгізуді растайтын куәліктің нысанын бекіту туралы» (2018 жылғы 28 тамыздағы № 1315, 7 қыркүйек 2018 жылы  ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) бұйрығына келесі өзгерістерді еңгізу:

Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және оларға өзгерістерді енгізу қағидалары жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген:

3 тармақша, 8 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«қандастарға;».

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

           

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар

және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.

                                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
27 тамыздағы 2019 жылғы
№ 115 бұйрығына
1-қосымша

 

Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын өтініш

     

      Бірлестік мүшелерінің атынан "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы"

      Қазақстан Республикасы Заңының 46-1-бабының тәртібімен аккредиттеуді сұраймын

      ________________________________________________________________________________

      (ұйым орналасқан мекен жайы)

      орналасқан, тіркеу нөмірі _________________________________________________________

      (заңды тұлғаның тіркелу нөмірі)

      БСН:

      ________________________________________________________________________________

      (ол бар болған жағдайда)(бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      ________________________________________________________________________________

      (мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымның толық атауы)

      ұжымдық басқарудың келесі саласында _____________________________________________

      ("Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасы

      Заңының 43-бабының 3 тармағына сәйкес)

      Өтінішке қосымша келесі құжаттар тіркеледі:

      ___________________________________________________________________________

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

Дата публикации
07 июня 2021