Лицензияның қолданысын тоқтату туралы

Лицензияның қолданысын

тоқтату туралы

 

Қазақстан Республикасы «Нотариат туралы» Заңының 12-бабы
1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 1999 жылғы
    3 сәуірде Бауыржан Кумарович Избасовқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0000373 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
  2. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты нотариаттық палатаның назарына жеткізсін;

2) нотариаттық палатамен бірге нотариус Б.К. Избасовтың құжаттарын басқа нотариусқа немесе жеке нотариаттық архивке беру жөнiнде, сондай-ақ лицензияны лицензиарға беру үшiн алып қою және нотариустың мөрiн жою жөнiнде шаралар қолдансын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтату туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі: Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің 01.03.2021 ж.
№ 5-2053 ұсынысы және 10.02.2020 ж. № 20-615-21-0000436 қайтыс болу туралы акт жазбасының көшірмесі.

 

 

Вице-министр                                                                                А. Әмірғалиев

Дата публикации
31 мая 2021