Лицензияның қолданысын қайта жалғастыру туралы

 

Лицензияның қолданысын

қайта жалғастыру туралы

 

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 5-тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2012 жылы 27 маусымда Нариман Рафкатович Хабибуллинның атына адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 12005230 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2021 жылы 15 ақпандағы жеке сот орындаушының қаулысына сәйкес қайта жалғастырылсын.
  2. Қарағанды облысының Әділет департаменті осы бұйрық туралы
    Н.Р. Хабибуллинды, Қарағанды облыстық адвокаттар алқасын, құқық қорғау органдарының орталық аппараттарын және соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органнын хабардар ету бойынша бойынша шаралар қабылдасын.
  3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) адвокаттық қызметпен айналысу берілген Лицензиялардың мемлекеттік тiзiлiмiне тиісті жазба енгізілсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

Негізі: Қарағанды облысының Әділет департаментінің 19.03.2021 ж.
№ 6-3-2/719 ұсынысы және 17.03.2021 ж. Н.Р. Хабибуллинның өтініші

 

 

Вице-министр                                                                                А. Әмірғалиев

 

 

 

Дата публикации
31 мая 2021