«Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25ақпандағы №112 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидаларында:
6-тармағының үшінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
«Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басты куәландыратын құжат«Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Заңның 6-бабының 1-тармағына сәйкеснемесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат ұсынылады.»;
72-тармағының төртінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
«Өтінішке неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету себептерін растайтын құжаттар (дәрігерлік-біліктілік комиссиясының жүктілік туралы анықтамасы) қоса беріледі. Кәмелетке толмаған тұлғаның (олардың) ата-анасының және кәмелетке толмаған азаматтардың өздерінің жеке басын куәландыратын құжаттарынемесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттары жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады.»;
134-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«134. Он алты жасқа дейінгі балалардың тууы туралы қайталама куәліктері ата-аналарына, қорғаншыларына, ұл (қыз) бала асырап алушыларға, қамқоршыларына және сол балаларды тәрбиелеп отырған балалар мекемелерінің әкімшіліктеріне беріледі, он алты жастан асқан, бiрақ он сегіз жасқа толмаған және жеке басын куәландыратын құжат алмаған балаларға ата-анасының бiреуiнiң не қорғаншысының қатысуымен оларжеке басын куәландыратын құжаттынемесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты ұсынған кезде қайталама куәлiктер берiледi.
Қайтыс болу туралы қайталама куәліктер қайтыс болған адамның жақын туыстарына, оның мұрагерлер тобына кіретін басқа адамдарға беріледі.
Басқа туыстарына қайтыс болу туралы куәлік мұрагерлік ісі бар нотариустың хабарламасы бойынша беріледі.»
«Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
|
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Тууды мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 1) осы Қағидаларға 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша туу туралы өтініш; 2) ата-анасының немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкілінің жеке басын куәландыратын құжатынемесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат(жеке басын сәйкестендіру үшін); 3) ата-анасының неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлігінің көшірмесі (акт Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген кезде және АХАЖ АЖ мәліметтер болмаған жағдайда); 4) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат; Шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар қосымша: - Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын ұсынады; - Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлға тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының белгісі бар азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігін ұсынады; - Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ тұлға азаматы болып табылатын елдің немесе азаматтығы жоқ тұлғаның тұрақты тұратын мемлекетінің құзыретті органдары берген оның жеке басын куәландыратын құжаты және олардың мәтінінің қазақ немесе орыс тіліндегі нотариалды түрде куәландырған аудармасын ұсынады. Шетелдіктің, азаматтығы жоқ тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттарының мәтіні аудармасының дұрыстығы шетел азаматы болып табылатын мемлекеттің немесе азаматтығы жоқ тұлға тұрақты тұратын мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінде немесе консулдық мекемесінде не сыртқы саяси ведомствосында куәландырылуы мүмкін. Бір жасқа толған және одан да асқан баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке қосымша туу туралы медициналық куәлік (ол электрондық түрде болмаған жағдайда) қоса беріледі. Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік паролді беру арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады. Порталға жүгінген кезде: 1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған немесе ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда, бір реттік парольмен куәландырылған электрондық өтініш; 2) Қазақстан Республикасында тіркелген азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер; 3) ата-анасының Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде берілген, заңдастырылған немесе апостиль мөртабаны бар, орыс немесе мемлекеттік тілге нотариалды куәландырылған аудармасы бар неке (ерлі-зайыптылықты) қию немесе бұзу туралы куәліктердің сканерленген көшірмесі. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін (әке (ана) болуды анықтау, бала асырап алу кезінде өзгерістер, толықтырулар енгізуді қоспағанда) қажетті құжаттардың тізбесі: 1) осы Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш;; 2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); 3) туу туралы куәлік, жоғалған жағдайда оның жоғалғаны туралы көрсету және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер; 4) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде берілген, заңдастырылған немесе апостиль мөртабаны бар, нотариалды куәландырылған орыс немесе мемлекеттік тілге аудармасы бар, туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттігін растайтын азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің көшірмелері; 5) өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттігін растайтын құжаттар туралы мәліметтер (ҚР аумағында тіркелген азаматтық хал актілері туралы мәліметтер, өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу туралы, заңды фактіні және т. б. анықтау туралы сот шешімі жөнінде мәліметтер); 6) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат немесе салық жеңілдіктерін беру үшін негіз болып табылатын құжат (оны төлеу қажет болған жағдайда); 7) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 1) осы Қағидаларға 8, 9, 10, 12, 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әке (ана) болуды анықтау туралы, өзін баланың әкесі деп танитын адамның өтініші бойынша әке (ана) болуды анықтау туралы, сот шешімі бойынша әке (ана) болуды анықтау туралы, бала асырап алу туралы, өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш (бала асырап алу туралы);); 2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); 3) туу туралы куәлік, жоғалған жағдайда оның жоғалғаны туралы көрсету және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер; 4) өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттігін растайтын құжаттар туралы мәліметтер (бала асырап алу, әке болуды анықтау туралы сот шешімі туралы мәліметтер; бала асырап алудың күшін жою немесе жарамсыз деп тану туралы сот шешімі туралы мәліметтер; әке болуды анықтау кезінде әкесінің өтінішінде көрсетілген негіздемеге байланысты анасының болмау мән-жайын растайтын құжаттар: анасының қайтыс болуы туралы азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтер (Қазақстан Республикасының аумағында); анасын әрекетке қабілетсіз деп тану туралы, оны қайтыс болды деп жариялау туралы, анасын ата-ана құқықтарынан айыру не шектеу туралы сот шешімі туралы мәліметтер; анасының тұрғылықты жерін анықтау мүмкін еместігі туралы анықтама, өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу туралы, заңды фактіні және т. б. анықтау туралы сот шешімі жөнінде мәліметтер); 5) туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттігін растайтын, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде берілген, заңдастырылған немесе апостиль мөртабаны бар, орыс немесе мемлекеттік тілге нотариалды куәландырылған аудармасы бар азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің көшірмелері; 6) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат немесе салық жеңілдіктерін беру үшін негіз болып табылатын құжат (оны төлеу қажет болған жағдайда); 7) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат. Бала туғанға дейін әке болуды анықтау туралы өтініш берілген жағдайда-медициналық ұйым немесе жеке практикамен айналысатын дәрігер берген анасының жүктілігін растайтын медициналық анықтама. Егер әке болуды анықтау тууды мемлекеттік тіркеумен бір мезгілде жүргізілсе, баланың туу туралы куәлігі талап етілмейді. Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік паролді беру арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады. Туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін порталға жүгінген кезде: 1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған немесе үялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған электрондық өтініш; 2) ҚР-да тіркелген азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер; 3) өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттігін растайтын құжаттар туралы мәліметтер (бала асырап алу, әке болуды анықтау туралы сот шешімі туралы мәліметтер; бала асырап алудың күшін жою немесе жарамсыз деп тану туралы сот шешімі туралы мәліметтер; әке болуды анықтау кезінде әкесінің өтінішінде көрсетілген негіздемеге байланысты анасының болмау мән-жайын растайтын құжаттар: анасының қайтыс болуы туралы азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтер (Қазақстан Республикасының аумағында); әрекетке қабілетсіз деп тану туралы, оны қайтыс болды деп жариялау туралы, анасын ата-ана құқықтарынан айыру не шектеу туралы сот шешімі туралы мәліметтер; анасының тұрғылықты жерін анықтау мүмкін еместігі туралы анықтама, өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу туралы заңды фактіні және т. б. анықтау туралы сот шешімі жөнінде мәліметтер); 4) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде берілген, заңдастырылған немесе апостиль мөртабаны бар, нотариалды куәландырылған орыс немесе мемлекеттік тілге аудармасы бар, туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттігін растайтын азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің сканерленген көшірмелері; 5) ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат; 6) туу туралы куәлік (көрсетілетін қызметті алушыға туу туралы жаңа куәлікті алған кезде ұсынылады), жоғалған жағдайда оның жоғалғаны туралы және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсету қажет. |
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
|
10 |
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар, оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы және электрондық нысанда |
Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану, қабілетін толық немесе ішінара жоғалту мүмкіндігі бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8 800 080 777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш жасау арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет – тууды тіркеу бөлігінде проактивті түрде көрсетіледі. Цифрлық құжаттар сервисі мобилді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік паролді пайдалана отырып, мобилді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі «цифрлық құжаттар» бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет. |
«Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
|
8 |
Қажетті құжаттар |
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде: 1) осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш; 2) көрсетілетін қызметті алушылардың жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); 3) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат; Шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар қосымша: - некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама (апостиль қойылған/заңдастырылған, орыс немесе мемлекеттік тілге аудармасы бар); - Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын ұсынады; - Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлға тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының белгісі бар азаматтығы жоқ адамның куәлігін ұсынады; - Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ тұлға азаматы болып табылатын елдің немесе азаматтығы жоқ тұлғаның тұрақты тұратын мемлекетінің құзыретті органдары берген оның жеке басын куәландыратын құжаты және олардың мәтінінің қазақ немесе орыс тіліндегі нотариат куәландырған аудармасын ұсынады. Шетелдіктің, азаматтығы жоқ тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттар мәтінінің аудармасының дұрыстығы шетел азаматы болып табылатын мемлекеттің немесе азаматтығы жоқ тұлға тұрақты тұратын мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінде немесе консулдық мекемесінде не сыртқы саяси ведомствосында куәландырылуы мүмкін. Жеке басты куәландыратын құжаттарды ұсынумен қатар, олардың мәтінінің мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасын ұсынады. Қажет болған жағдайда - өзі азаматы болып табылатын мемлекеттің құзыретті органынан некеге (ерлі-зайыпты болуға) рұқсат. Заңнамада белгіленген некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу мерзімін қысқарту немесе ұзарту қажет болған кезде мерзімді қысқарту негіздерін растайтын құжат қосымша ұсынылады: жүктілік туралы дәрігерлік-біліктілік комиссияның анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, басқа да ерекше жағдайларды растайтын анықтамалар. Неке (ерлі-зайыптылық) заңнамада белгіленген жасын төмендету қажет болған жағдайда қосымша ұсынылады: 1) Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы өтініш; 2) белгіленген неке жасын төмендету қажеттігін растайтын құжаттар: жүктілік туралы дәрігерлік-біліктілік комиссиясының анықтамасы немесе ортақ баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер; 3) неке (ерлі-зайыптылық) жасына жетпеген некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың заңды өкілдерінің келісімі; 4) заңды өкілдердің өкілеттігін растайтын құжаттар туралы мәліметтер. Алдыңғы некелер (ерлі-зайыптылық) болған кезде деректерді тексеру үшін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу немесе жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы туралы мәліметтер беріледі. ҚР шегінен тыс жерлерде азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы тиісті (апостилденген/заңдастырылған, қазақ немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен) куәліктердің көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары) ұсынылады. Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік паролді беру арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады. Порталға: Көрсетілетін қызметті алушылардың, некеге отыратын екі адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық өтініш. Екінші және одан кейінгі некелерді (ерлі-зайыптылықты) тіркеу кезінде деректерді тексеру үшін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу немесе жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы туралы мәліметтер ұсынылады. Неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін қажетті құжаттардың тізбесі): 1) Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжатнемесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат(сәйкестендіру үшін); 3) азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуге байланысты ауыстыруға жататын азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы, куәліктің түпнұсқасы жоғалған жағдайда оның жоғалғаны туралы және азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтерді көрсету; 4) азаматтық хал актісі жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін негіз болуын растайтын құжат; 5) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат. Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік паролді беру арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады. |
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
|
10 |
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану, қабілетін толық немесе ішінара жоғалту мүмкіндігі бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8 800 080 777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш жасау арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. Цифрлық құжаттар сервисі мобилді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік паролді пайдалана отырып, мобилді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі «цифрлық құжаттар» бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет. |
«Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
|
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу негізіне байланысты Қағидаларға 18 немесе 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік бұзу туралы өтініш; Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік паролді беру арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады. |
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
|
10 |
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар, оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы және электрондық нысанда |
Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану, қабілетін толық немесе ішінара жоғалту мүмкіндігі бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8 800 080 777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш жасау арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. Цифрлық құжаттар сервисі мобилді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік паролді пайдалана отырып, мобилді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі «цифрлық құжаттар» бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет. |
«Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
|
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) осы Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;; 2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат(сәйкестендіру үшін); 3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде берілген азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер; 4) көрсетілетін қызметті алушының 3*4 см көлеміндегі екі фотосуреті. ; 5) ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат; 6) қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды сұраған себептерді растайтын қосымша құжаттарды талап етеді. Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік паролді беру арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады. Порталға жүгінген кезде: 1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған немесе ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған электрондық өтініш; 2) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 1) Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); 3) азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуге байланысты айырбасталуға жататын азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы, куәліктің түпнұсқасы жоғалған жағдайда оның жоғалғаны туралы және азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтерді көрсету; 4) азаматтық хал актісі жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін негіз болуын растайтын құжат; 5) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат. Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік паролді беру арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады. |
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
|
10 |
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар, оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы және электрондық нысанда |
Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану, қабілетін толық немесе ішінара жоғалту мүмкіндігі бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8 800 080 777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш жасау арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. Цифрлық құжаттар сервисі мобилді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік паролді пайдалана отырып, мобилді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі «цифрлық құжаттар» бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет. |
«Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
|
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) осы Қағидаларға 26 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш; Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік паролді беру арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады. |
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
|
10 |
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар, оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы және электрондық нысанда |
Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану, қабілетін толық немесе ішінара жоғалту мүмкіндігі бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8 800 080 777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш жасау арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. Цифрлық құжаттар сервисі мобилді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік паролді пайдалана отырып, мобилді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі «цифрлық құжаттар» бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет. |
«Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
|
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) Қағидаларға 28, 30-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акт жазбасын қалпына келтіру туралы өтініш (бұдан әрі - өтініш); Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік паролді беру арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады. |
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
|
10 |
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар, оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы және электрондық нысанда |
Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану, қабілетін толық немесе ішінара жоғалту мүмкіндігі бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8 800 080 777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш жасау арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. Цифрлық құжаттар сервисі мобилді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік паролді пайдалана отырып, мобилді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі «цифрлық құжаттар» бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет. |
«Азаматтық хал актілері жазбаларын жою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
|
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Акт жазбаны жою үшін: Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік паролді беру арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады. |
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
|
10 |
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар, оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы және электрондық нысанда |
Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану, қабілетін толық немесе ішінара жоғалту мүмкіндігі бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8 800 080 777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш жасау арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. Цифрлық құжаттар сервисі мобилді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік паролді пайдалана отырып, мобилді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі «цифрлық құжаттар» бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет. |
«Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
|
8 |
Қажетті құжаттар |
1) көрсетілетін қызметті алушыға алуы қажет құжаттың түрін негізге ала отырып, Қағидаларға 36-қосымшаға сәйкес нысан бойынша туу, неке қию (ерлі-зайыпты болу), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту, қайтыс болу туралы қайталама куәлік (анықтама) және неке құқықтық қабілеттілігі туралы анықтама беру туралы өтініш; Порталға жүгінген кезде: |
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
|
10 |
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану, қабілетін толық немесе ішінара жоғалту мүмкіндігі бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8 800 080 777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш жасау арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. Цифрлық құжаттар сервисі мобилді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік паролді пайдалана отырып, мобилді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі «цифрлық құжаттар» бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет. |
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі М.Бекетаев