«Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 27 мамырдағы №58 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
- «Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидасын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының2020 жылғы 27 мамырдағы №58 бұйрығына(Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде №20740болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидасында:
мемлекеттік тілдегі тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы»;
15-тармақтың бірінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
«15. Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлігін немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатын ұсынғанда (не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілген өкілі) тиісті құжаттарды қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.»;
«Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметті көрсету стандартында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
|
8
|
Мемлекеттіккөрсетілетінқызметүшінқажеттіқұжаттардыңтізбесі
|
Мемлекеттік корпорация: 1) Қағидаларға 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша апостиль қоюға өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжатнемесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); 3) апостиль қоюға жататын құжат (құжаттар түпнұсқаларда да, нотариалды куәландырылған көшірмелерде де апостиль қою үшін қабылданады); 4) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат; 5) көрсетілетін қызметті алушының өкілі (жеке тұлға) жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат); заңды тұлға атынан өкілі жүгінген кезде заңды тұлғаның басшысының немесе құрылтай құжаттарымен уәкілетті өзге де тұлғаның қолы қойылған және осы ұйымның мөрімен расталған сенімхат; Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде берген немесе куәландырған және белгіленген нысан бойынша шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген сенімхаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (көшірмесімен сәйкестендіру үшін); 6) басқа мемлекеттік органдар берген құжаттардың қолының және мөр бедерінің үлгісі.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік паролді беру арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады. Портал арқылы жүгінген кезде: 1) ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық өтініш; 2) апостиль қоюға жататын құжат сканерленген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі. Көрсетілетін қызметті алушының сауалнамалық деректері өзгерген жағдайда растайтын құжаттар қоса беріледі (шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген немесе куәландырған, арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады. Мұрагерлер жүгінген кезде растайтын құжаттар ұсынылады.
|
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
|
10
|
Мемлекеттікқызметкөрсету, оныңішіндеэлектрондықнысандажәнеМемлекеттік корпорация арқылыкөрсетілетінқызметтіңерекшеліктеріескерілгенөзге де талаптар
|
Денсаулығыбұзылған, ағзафункцияларыныңтұрақтыбұзылуыментыныс-тіршілігішектелгенмемлекеттікқызметтіалушығақажетболғанжағдайдаМемлекеттікқызметкөрсетуүшінқұжаттардықабылдаудыМемлекеттік корпорация қызметкерітұрғылықтыжерінебарып, Бірыңғайбайланысорталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылыжүгінуарқылыжүргізеді. Көрсетілетінқызметтіалушының ЭЦҚ болғанжағдайдаМемлекеттіккөрсетілетінқызметті портал арқылыэлектрондықнысандаалуғамүмкіндігі бар. МемлекеттікқызметтікөрсетуорындарыныңмекенжайларыкөрсетілетінқызметтіберушініңжәнеМемлекеттіккорпорацияның www.gov4c.kz орналастырылған. Көрсетілетінқызметтіалушымемлекеттікқызметкөрсетутәртібі мен мәртебесітуралыақпараттықашықтықтанқолжеткізурежиміндебірыңғайбайланысорталығыарқылы 1414, 8 800 080 7777 алады.
Цифрлық құжаттар сервисі мобилді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік паролді пайдалана отырып, мобилді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі «цифрлық құжаттар» бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.
|
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрінің орынбасарына жүктелсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі М.Бекетаев