«Мүліктікқұқықтардыұжымдықнегіздебасқаратынұйымдардыаккредиттеу» мемлекеттікқызметкөрсетуқағидаларынбекітутуралы» ҚазақстанРеспубликасыӘділет министрінің 2020 жылғы 19 наурыздағы № 103 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына жәнеҚазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 175-бабының 2-тармағына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:
«Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 19 наурыздағы № 105 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 20 наурызда № 20153 болып тіркелген, 2020 жылғы 27 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген«Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ мынадай абзацтармен толықтырылсын:
«7) арыз – әкімшілік рәсімге қатысушының өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін немесе басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға жәрдемдесу туралы өтінішхаты қамтылған жолданым нысандарының бірі;
8)арыз иесі – әкімшілік рәсімді жүзеге асыру үшін әкімшілік органға, лауазымды адамға жолданым берген адам, сондай-ақ өзіне қатысты әкімшілік акт қабылданатын, әкімшілік әрекет жасалатын (әрекетсіздік танылатын) адам (әкімшілік актінің адресаты);
9) әкімшілік акт – жария-құқықтық қатынастарда әкімшілік орган, лауазымды адам қабылдайтын, белгілі бір тұлғаның немесе жеке-дара айқындалған тұлғалар тобының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асыратын шешім;
10) әкімшілік орган – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік актіні қабылдау, әкімшілік әрекет жасау (әрекетсіздік таныту) жөнінде өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, мемлекеттік заңды тұлға, сондай-ақ өзге ұйым;
12)әкімшілік іс – әкімшілік рәсімді жүзеге асыру барысы мен нәтижелерін және (немесе) сотта жария-құқықтық даудың қаралуын тіркеп-бекітетін материалдар»;
8-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«8) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері) осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толықтығын тексереді және оларды аккредиттеу жөніндегі комиссияның қарауына береді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған немесе осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағының талаптарына сәйкес еместігі және оны сәйкес келтіру мерзімі туралы хабарлама жібереді.
Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкес келтіру мерзімі хабарлама жіберілген күннен бастап екі жұмыс күнін құрайды.
Егер хабарлама жіберілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш беруші құжаттар топтамасын Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағына сәйкес келтірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.
Аккредиттеу жөніндегі комиссия отырысының қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші комиссия қорытындысын жариялайды, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына жазбаша позицияны (ЭЦҚ-мен куәландырылған қағаз және (немесе) электрондық нысанда) енгізу арқылы өтініш берушіні тыңдау туралы ауызша хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын жария етіледі. Тыңдау жазбаша нысанда жүргізіледі және хабардар етілген күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей қабылданады.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары бір жұмыс күні ішінде куәлікке немесе аккредиттеуден бас тартуға қол қояды.
Оң қорытынды болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес аккредиттеу туралы куәлікті береді және көрсетілетін қызметті алушыға бес жыл мерзімге куәлікті береді.»;
10-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына уәкілетті органның интернет-ресурстарында электрондық форматта шағым беру арқылы жүзеге асырылады www.adilet.gov.kz (телефон: 8 (7172) 55-87-35), веб-порталдағы«жеке кабинет» арқылы, сондай-ақ жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нұр-сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 13-кіреберіс мекенжайы бойынша.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.».
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Лауазымы Аты-жөні